2023 жылдың 16 маусым күні кешкі сағат жетіде Өтепбаев көшесінде өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті.
Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде тоғыз қабатты тұрғын үйдің бірінші кіреберісінде төртінші қабатта қатты түтін пайда болды.
Газ-түтіннен қорғау қызметінің буынын құрғаннан кейін өрт сөндірушілер дереу барлауға кірісті.
Барлау барысында электр қалқанында электр сымдарының одан әрі таралмай қысқа тұйықталуы орын алғаны анықталды.
Құтқарушылар түтінді кіреберістен қарт әйелді эвакуациялады.
60 адам, оның ішінде 17 бала өз бетінше көшеге шықты.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Абай облысы ТЖД электр сымдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің келесі ережелерін сақтауды еске салады:
Сақ болыңыз! Төтенше жағдай туындаған кезде "101" немесе "112"нөмірлері бойынша хабарлаңыз.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі