
Абай облысының Көкпекті және Ақсуат аудандарында дала өрттерін жою жұмыстары жүргізілуде. Оқиға орнында ТЖМ, «Ауыл құтқарушылары», жергілікті атқарушы органдар мен ТЖМ-нің 68303 әскери бөлімінің күштері мен құралдары жұмыс істеуде. Дала өртін сөндіруге ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы жқмылдырылды. Қазіргі уақытқа дейін тікұшақ 16 рет су төгіп, жалпы көлемі 48 тонна су пайдаланылды. Өртті жою жұмыстары жалғасуда. Жағдай ТЖМ бақылауында.
Көкпекті ауданында үш учаскедегі өртпен күрес жалғасуда. Оқиға орнында ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың шамамен 180 адамы және 26 техникасы жұмыс істеуде. Сондай-ақ су төгетін құрылғымен жабдықталған ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды. Әуе кемесімен жалпы көлемі 66 тонна болатын 22 рет су төгілді. Өртті сөндіру жұмыстарына қатты жел, жер бедерінің күрделілігі және құрғақ өсімдіктер кедергі келтіруде. Құтқарушылар мен жұмылдырылған күштер жекелеген өрт ошақтарын сөндіру жұмыстарын жалғастыруда. Жағдайға тұрақты мониторинг жүргізіліп, өрттің одан әрі таралуына жол бермеу шаралары қабылдануда. Жағдай ТЖМ бақылауында. Қазіргі уақытта өрт толық сөндірілді. Елді мекендерге қауіп жоқ.
Аягөз ауданында таулы жерде орналасқан Құла Бие және Ақтас учаскелеріндегі бір-бірінен алшақ орналасқан екі аумақта жалпы көлемі 145 гектар құрғақ шөптің жануы сөндірілді. Өртті сөндіруге Абай облысы ТЖД, Ақши ауылының «Ауыл құтқарушылары» өрт сөндіру бекетінің, орман шаруашылығының және жергілікті атқарушы органдардың шамамен 45 қызметкері мен 14 бірлік техникасы тартылды. Өртті сөндіру жұмыстары жер бедерінің таулы болуы және жекелеген учаскелердің жетуі қиын болуына байланысты күрделене түсті. Бұл техниканың өрт ошақтарына жедел жетуін қиындатты. Зардап шеккендер жоқ. Елді мекендерге қауіп жоқ. Қазіргі уақытта өрт толық сөндірілді.
15 тамызда Ақсуат ауданындағы Ырғызбай ауылдық округінде жалпы аумағы 360 гектар болатын бес учаскеде құрғақ шөп жанды. 16 тамызда Жайсанбай және Маңғытай учаскелеріндегі өрттер толық сөндірілді. Бүгін Белбастау, Ойыл және Тоты учаскелеріндегі өрттер оқшауланды. Қазіргі уақытта дала өрттерінің салдарын толық жою жұмыстары жалғасуда. Учаскелерде ашық жану және жекелеген өрт ошақтары жоқ. Қайтадан өрт тұтануына жол бермеу мақсатында аумақты бақылау жұмыстары жүргізілуде. Өртті сөндіру жұмыстары өрттің таралу аумағының ауқымдылығына, құрғақ өсімдіктерге, желдің қатты екпініне, өрттің жоғары жылдамдықпен таралуына және жекелеген учаскелердің жетуі қиын болуына байланысты күрделене түсуде. Өрттерді жоюға ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері, сондай-ақ «Ауыл құтқарушылары» күштері мен құралдары, барлығы шамамен 140 адам және 25 бірлік техника жұмылдырылды. Жұмыстар тәулік бойы жалғасуда. Жағдай ТЖМ бақылауында.
17 тамызда Аягөз ауданындағы Мыңбұлақ ауылдық округінің Қоғалы учаскесінде 75 гектар аумақта құрғақ шөп жанды. Бүгін құтқарушылардың күшімен өрт оқшауланды. Қазіргі уақытта өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасуда. Ашық жану және жекелеген өрт ошақтары байқалмайды. Қайтадан өрт тұтануына жол бермеу мақсатында аумақты сулау және бақылау жұмыстары жүргізілуде. Өртті сөндіру жұмыстары өсімдік жамылғысының қатты құрғақтығы мен желдің екпініне байланысты күрделенуде. Бұл өрттің тез таралуына және қайтадан өрт ошақтарының пайда болуына ықпал етеді. Дала аумағының жекелеген учаскелерінің жетуі қиын болуы да қосымша қиындық туғызуда. Осыған байланысты аумақты мұқият сулау және бақылау жұмыстары жүргізілуде. Өртті жоюға ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар, полиция департаменті, сондай-ақ «Ауыл құтқарушылары» күштері мен құралдары, барлығы 65 адам және 16 бірлік техника жұмылдырылды. Жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде. Елді мекендер мен шаруашылық нысандарына қауіп жоқ. Жағдай ТЖМ бақылауында.