Абай облысы ТЖД ресми өкілі

Абай облысы ТЖД ресми өкілі

  Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі азаматтық қорғау аға лейтенанты Қасенов Ернар Ырасғазыұлы.

  2000 жылы Абай облысы Мақаншы ауданы Мақаншы ауылында дүниеге келген. 2022 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

  2024 жылы Ақмола облысы Көкшетау қаласындағы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша тәмамдап, құқық магистрі дәрежесін алған.

  2022 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында қызмет атқарып келеді. Қызмет барысында өзін тәртіпті, жауапты әрі кәсіби қызметкер ретінде көрсете білді.

  2025 жылдан бастап Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі. Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және профилактикалық іс-шараларға қатысады.