
ТЖМ-нің «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасын іске асыру аясында ауылдық жерлердегі ерікті өртке қарсы бөлімшелерді нығайту жұмыстары жалғасуда. Абай облысының Бородулиха ауданындағы Дмитриевка ауылында жаңа өрт сөндіру пунктінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов, ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Руслан Қайрақбаев, Абай облысы ТЖД бастығы Манарбек Шапағатов, Бородулиха ауданының әкімі Айдар Ибраев және ауыл тұрғындары қатысты.
Аталған өрт сөндіру пунктінің қызмет көрсету радиусына жалпы халық саны 1151 адамды құрайтын, 358 үйі бар Дмитриевка және Боровое ауылдары кіреді.
Ауылдың орманды аумақта орналасуы бұл өрт сөндіру пунктінің ашылуын өңір қауіпсіздігін арттырудағы стратегиялық маңызы бар қадамға айналдырады. Бұл пункт тұрмыстық та, табиғи өрттерге де жедел әрекет ететін болады.
Бұл іс-шара практикалық қана емес, рухани маңызы да зор, өйткені мәселе ең басты құндылық – адам өмірін қорғау және өңіріміздің бірегей табиғи байлығы – лента орманын сақтау жайында болып отыр.
Ведомстволық бағдарламаны енгізу өртке қарсы инфрақұрылымды сапалы тұрғыда дамытуға, әрекет ету жылдамдығын арттыруға және жұмыс жағдайларын жақсартуға бағытталған бірыңғай стандарттарды қалыптастыруға мүмкіндік берді. Жаңа өрт сөндіру пункті заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған: мұнда диспетчерлік пункт, өрт техникасы үшін гараж, ас қабылдау бөлмесі, санитарлық торап және қызметкерлерге арналған демалыс бөлмесі бар. Тұрақты әрі үздіксіз жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, пункт екі бірлік өрт сөндіру техникасымен қамтамасыз етілген, бұл өрттер мен төтенше жағдайларға жедел әрі тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді.
Осылайша, жергілікті атқарушы органдар ауылдарда осындай өрт сөндіру пункттерін құру арқылы ерікті өрт сөндірушілердің жұмысын неғұрлым тартымды әрі қажет етеді.