2025 жылғы 28-29 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров жұмыс сапарымен Павлодар облысына (Павлодар қаласы және Шарбақты ауданы) барды. Сапарға ОСК мүшесі Ләззат Сүйіндік және Ортсайлауком аппаратының қызметкерлері қатысты.
Сапар барысында Торайғыров университетінде жас сайлаушылармен, мәслихат депутаттарымен, жастар ұйымдарының өкілдерімен, сондай-ақ Шарбақты ауданының халқымен және әкімімен кездесулер өтті. Іс-шараларға 500-ден астам адам қатысты.
Нұрлан ӘбдіровПрезидент Қ.К.Тоқаевбастамашылық еткен конституциялықреформаны іске асыру шеңберінде сайлаужүйесінтрансформациялаутуралы айтып берді, жаңашылдықтар қоғамның сұраныстарына негізделгенін атап өтті.Соныменқатар,олеліміздіңсайлауоргандарыныңдамуы, сайлаукомиссияларынкәсібилендіру,электоралдықоқыту,халықаралықынтымақтастықтыжәнебайқау институтын арттырутуралыайтты.
«Елдің сайлау жүйесін трансформациялау халықтың елді басқаруға қатысуын арттыру жолымен билік институттарын қалыптастырудың сапалы жаңа моделіне көшуді білдіреді және өзінің мәні бойынша сайлау жүйесінің жаңашылдықтары жұртшылықтың сұраныстары мен ұсыныстарына негізделген», - деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.
Сайлау процесіне қатысушылармен тікелей диалогты дамытуға ерекше назар аударылды. 2022 жылдан бастап ОСК Төрағасы ел бойынша 143 кездесу өткізді, оған 18 мыңнан астам адам қатысты.
Сапардың бірінші күні интерактивті сессия барысында қатысушылар сайлау жүйесін дамыту, сайлауды цифрландыру және әлемдік трендтер туралы сұрақтар белсенді түрде қойды.
Мәселен, 2 курс студенті, Жас сайлаушылар клубының мүшесі Айша Таласова пікір алмасуға болатын сайлау жаңалықтарын жинау үшін жастар порталын құруды ұсынды. Тағы бір студент Есімов Асхат электоралды саладағы әлемдік трендтер туралы, Савриденов Айтуар - сайлау процесіне цифрландыруды енгізу мүмкіндіктері туралы сұрақ қойды. Солопов Никита, болашақ заңгер ретінде, ОСК Төрағасының көп күндік дауыс беру туралы көзқарасына қызығушылық танытты. Шереметьев Руслан, Байтұрсынов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы, жастардың саясатта мансапқа жету үшін қандай қадамдар жасауы керек екенін білгісі келді.
300-ден аса жас респондент Торайғыров университетінде және Шарбақты ауданындағы кездесулерде өзекті сайлау мәселелері бойынша онлайн-сауалнамаға қатысты. Нәтижелер арасында:
Ортсайлауком басшысы бұл сауалнамалардың практикалық мәні барын және олардың нәтижелері алдағы сайлау науқандары кезінде сайлаушыларды ақпараттандыру стратегиясын өзгерту кезінде де ескерілетінін атап өтті.
Сапар аясында өңірдің аумақтық сайлау комиссиялары мүшелерімен кеңес өтті. Сайлаудың заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, сайлау учаскелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту және комиссия мүшелерінің біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ ауыл әкімдерін сайлау мәселелері бойынша практикалық жағдайларды талдау және комиссия мүшелерінің сайлау заңнамасын білуіне тестілеуді қамтитын семинар-тренинг өткізілді.
Сапардың екінші күні Нұрлан Әбдіров Шарбақты ауданында болды. Ол ауыл жастары, колледж студенттері және тұрғындарымен кездесті. Кездесулерде сайлаудың олардың өміріне қалай әсер ететінін талқыланды.
Ауылдық кітапхана қызметкері Наталья Мащенко әкімдерді тікелей сайлауы билікті халыққа жақындата түскенін атап өтті. Аудандық қоғамдық кеңестен Бақтылы Қалыбаева аудан әкімінің тұрақты түрде ауылдық округтерді аралап, тұрғындармен кездесіп тұратынын айтты. Аудандық мәслихаттың депутаты Владимир Поляков әкімдерді сайлау құқығының халыққа берілуі билікке деген сенімнің нығая түскенін атап өтті: «адам өзі дауыс бергенде белгілі бір үміт артып, нақты өзгерістерді күтеді, бізде бұл үміт ақталды», - деді.
ОСК Төрағасы Қазақстанда 2021 жылдан бастап ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өткізіліп келе жатқанын, бүгінде олардың 97 пайызға жуығын халық тікелей сайлағанын еске салды. 2023 жылы пилоттық режимде 45 аудан және қала әкімдерінің сайлауы өтті. Бұл, оның айтуынша, әкімдердің халық алдындағы жауапкершілігін арттырып, халықтың мүддесі мен сұранысына анағұрлым жақынырақ етеді. «Бұл өзгерістердің барлығы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған реформалардың бір бөлігі болып табылады, олардың мақсаты – азаматтардың жергілікті деңгейде шешімдер қабылдауға қатысуын кеңейту», - деді ол.
Аудан тұрғындары биліктің ашық бола түскенін растады: тұрақты жиындар өтіп, әкімдер мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы тәулік бойы байланыста болып, туындаған мәселелерге жедел әрекет етуде.
Сапар барысында кездесулердің ең белсенді қатысушыларына ОСК бастамасымен шығарылған электоралды тақырыпқа арналған кітаптардың даналары табыс етілді.