2025 жылдың 22 сәуірінде ҚР ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенттерімен және елордалық жастармен кездесті.
Толыққандыинтерактивтіформаттаөткенкездесуге400-ден астамстудент, ОСКжанындағыЖассайлаушыларклубының,елордалықжастарұйымдарының өкілдеріменжассайлаушыларарасынанбелсенділержиналды.Іс-шарағаОрталықсайлаукомиссиясының, ОСКжанындағыСараптамалықкеңестің мүшелері, облыстардың,Астана,АлматыжәнеШымкент қалаларының,сондай-ақ астаналықаудандардыңаумақтықсайлаукомиссияларыныңтөрағаларыменмүшелеріжәнеАстанақаласымәслихатыныңдепутаттарықатысты.
Өз сөзінде Ортсайлауком Төрағасы комиссияның қызметі, еліміздің сайлау жүйесі мен сайлау органдарының дамуы туралы айтып, пайымдау, миссия, құндылықтар, қағидаттар, мақсаттар, басымдықтар секілді комиссияның стратегиялық даму элементтеріне аса мән берді.
Жастармен диалог барысында ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың ауқымды конституциялық реформасы шеңберінде сайлау жүйесінің трансформациялануы мәселесіне ерекше назар аударылды. ОСК Төрағасы «ел азаматтарының сұранысы бойынша бүгінде мәслихат депутаттарының 90%-дан астамын халық тікелей сайлайды, сондай-ақ ауылдық округтер, кенттер мен аудандық маңызы бар қалалар әкімдерінің 97%-ға жуығы тікелей әрі жасырын дауыс беру негізінде сайланды. Бұл азаматтық қатысу мен биліктің есеп беруін кеңейтудің маңызды қадамы», - деп атап өтті.
Интерактивті сұрақ-жауап сессиясы барысында кездесуге қатысушылар сайлау жүйесін дамыту және сайлау рәсімдерін жетілдіру мәселелеріне жоғары қызығушылық танытты. Мәселен, №15 мектеп-лицейі өзін-өзі басқару ұйымының президенті Қайрат Құлхожақымет білім мекемелерінде өзін-өзі басқару ұйымдары мен оларды сайлау туралы, студент Ерсін Қалдыбек әкімдікке кандидаттарға қойылатын талаптар, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранты Нариман Абай маслихат депутаттарын кері шақырып алудың тәртібі мен рәсімдері және ауылдық деңгейдегі сайланатын әкімдерге де қатысты кері шақырып алу институтын енгізудің мүмкіндігі туралы сұрады. Осы академияның басқа магистранты Айсана Рахимова сайлаушыларға есептен шығару куәліктерін беру рәсімін цифрландыруды ұсынды, студент Аяулым Абубакирова сайлаушылардың электоралды белсенділігін арттыру жолдарына қатысты сұрақ қойды. Кездесудің белсенді қатысушыларына ОСК-ның 30 жылдығына орай шығарылған сайлау тақырыбындағы ғылыми басылымдардың көшірмелері табыс етілді.
Кездесу электоралды күн тәртіптің негізгі мәселелері, оның ішінде сайлау белсенділігі, сайланбалы лауазымдарға кандидаттарға қойылатын талаптар, дауыс берудің электрондық және қашықтықтан нысандарын енгізу және т.б. мәселелер бойынша жастар арасында дәстүрлі онлайн-сауалнамамен аяқталды. Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, респонденттердің 46,2%-ы сотпен әрекетке қабілетсіз деп деп танылған азаматтар сайлауда және референдумда дауыс бермеуі керек, ал 45,7%-ы - сот қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныған және бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың дауыс беруге құқығы жоқ екенін атап өтті.
Жастардың басым көпшілігі (86,8%) президенттікке үміткер қазақ тілін білу үшін лингвистикалық емтихан тапсыруы керек деп санайды. Сауалнамаға қатысқандардың 67,1%-ы президенттікке кандидаттарға елде тұру мерзімі бойынша, ал Парламент Мәжілісінің депутаттығына -сайлау округінде тұру мерзімі бойынша қойылатын талаптарды қолдайды. 47% дәстүрлі бюллетеньмен дауыс беруді жөн көреді. Сауалнамаға қатысқан сұхбаттасушылардың (55,1%) толтырылған бюллетеньмен суретке түсіруге (селфиге) тыйым салуды енгізу қажет деп санайды, ал 39,7% сайлау мен референдумдарда заң бұзушылықтар мен манипуляциялар себебінен интернет арқылы дауыс бермейтінін айтты. Респонденттердің 28,2%-ы сайлау мен референдумдарда мерзімінен бұрын (көпкүндік) дауыс беруді енгізуді қолдамайды.
Кездесудің соңында ОСК Төрағасы жастарға арналған өз сөзінде жас сайлаушылар арасында сайлау мәдениетін арттыру, ауылдар, кенттер, қалалар, аудандар әкімдерін, мәслихаттар мен Мәжіліс депутаттарын сайлауға жастардың қатысуының маңыздылығын түсіну қажет деп ерекше атап өтті. «Сіз сайлау арқылы маңызды қоғамдық-саяси және сайлау процестеріне тікелей қатысатындығыңызды түсінуіңіз керек», - деп қорытындылады Ортсайлауком басшысы.