https://www.election.gov.kz/kaz/r-saylau-zh-ne-referendum-zh-n-ndeg-a-parat/maslikhaty_2025_30_mart/index.php2025 жылғы 18-19 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына (Ақтөбе қаласы және Қобда ауданы) 2025 жылғы 30 наурызға тағайындалған шығып қалған мәслихат депутаттарынның орнына сайлауға дайындық және өткізу барысын инспекциялау үшін барды. Сапарға ОСК хатшысы Шавхат Өтемісов және Орталық сайлау комиссиясы аппаратының жауапты қызметкерлері қатысты.
Сапар барысында ОСК басшысының Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында жас сайлаушылармен, мәслихаттардың депутаттарымен және облыстың жастар ұйымдарының өкілдерімен және Қобда ауданының жас сайлаушыларымен кездесулері өтті, онда 800-ден аса адам қатысты. ОСК Төрағасы Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев бастамашылық еткен және 2022 жылғы республикалық референдумда халық қолдаған конституциялық реформаны іске асыру контексінде сайлау жүйесінің жаңашылдықтары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. «Елдің жаңартылған сайлау жүйесінің назары азаматтардың сайлау процестері арқылы мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейтуге бағытталған», - деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.
Сонымен қатар, ол өткізілген сайлау науқандары, Орталық сайлау комиссиясының даму стратегиясы, комиссия жанындағы диалог алаңдарының маңыздылығы, сайлау саласындағы өзекті бағыттар мен шетелдік тәжірибе, басқа елдердегі сайлаулар мен референдумдарды халықаралық байқау туралы айтып берді.
Кездесулердің 573 қатысушысы QR кодын пайдалана отырып, өзекті сайлау мәселелері бойынша дәстүрлі онлайн-сауалнамаға белсенді қатысты. Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, респонденттердің 35,5%-ы сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтар сайлауда және референдумда дауыс бермеуі керек, ал 40,2% қылмыс жасағаны үшін сотпен кінәлі деп танылған және бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың дауыс беруге құқығы жоқ екенін атап өтті. Жастардың басым көпшілігі (79,1%) президенттікке кандидатқа мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бойынша талаптар белгіленуі керек деп санайды. Сауалнамаға қатысқандардың 70,8%-ы президенттікке кандидаттарға елде, ал Парламент Мәжілісінің депутаттығына - сайлау округінде тұру мерзімі бойынша қойылатын талаптарды қолдайды. Сауалнмаға қатысушылардың 43,4%-ы дәстүрлі бюллетеньмен дауыс беруді жөн көреді, 27,1%-ы сайлау мен референдумдарда электрондық жүйенің техникасына сенімсіздік себебінен электрондық дауыс беруді пайдаланбайтынын білдірді. Респонденттердің 27,1%-ы сайлау мен референдумдарда мерзімінен бұрын (көпкүндік) дауыс беруді енгізуді қолдамайды, интервьюерлердің 50,6%-ы толтырылған бюллетеньмен суретке түсуге (селфиге) тыйым салуды енгізу қажет деп санайды.
Кездесулерге қатысушылар сайлау тақырыптары бойынша қызығушылықпен пікірталас өткізді. Мәселен, студент Ақерке Есен басқа елдердегі сайлау процесі, Ахмет Мадиар орталық сайлау органының жастармен жұмысы, Ақпейіл Серікқызы басқа елдердегі ұлттық және халықаралық байқау мәселелеріне қызығушылық танытты. Студент Айтолқын Түгелбаева сайлау саласындағы әлемдік трендтер, ал Дана Әлібекқызы болашақта саяси қызметпен айналысуға ниетті жастарға кеңес туралы сұрады. Жас сайлаушы Ақгүл Шежібаева және Қобда аудандық маслихатының депутаты Біләл Алихан электронды дауыс беруді енгізу мүмкіндігі туралы сұрады, ал Жасмин Балдагерова жастардың электоралды мәдениетіне қатысты пікірін білдірді. Облыстық мәслихаттың депутаты Наурызбек Сарбасов сайлау процесіне сенімділікті арттыру туралы ойымен бөлісіп, бірмандатты округтер (мажоритарлық жүйе) бойынша сайланатын мәслихат депутаттарының үлесін арттыру туралы мәселені көтерді. Қобда ауданындағы кездесуде жас маман Аружан Тұяқ елдің сайлау жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкестігі, Құрманов атындағы ауыл округі аппаратының қызметкері Аслан Қибашев сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын талаптар, жастар ресурстық орталығының қызметкері Ризагүл Әмірғалиева ОСК қызметіндегі жаңа тәсілдер туралы сұрақ қойды. Пікірталасқа белсенді қатысушыларға ОСК-ның 30 жылдығына орай шығарылған сайлау тақырыбындағы ғылыми басылымдардың даналары табыс етілді.
Сапар аясында Нұрлан Әбдіровтың төрағалығымен шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау өткізу мәселелері бойынша кеңес өтті. Сайлауға дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы аумақтық сайлау комиссияларының, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары баяндады. ОСК Төрағасы кеңеске қатысқан лауазымды тұлғалардың назарын сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес сайлауды өткізуді, сайлау процесінің барлық кезеңдерінде жариялылық пен ашықтықты, қоғамдық және өзге де қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне назар аударды. Кеңес барысында ҚР ОСК Төрағасы «су тасқыны жағдайында қосымша сайлауды қалыпты түрде өткізу мақсатында барлық қажетті алдын-алу шараларын қабылдауды тапсырамын», - деп атап өтті. Сондай-ақ, АСК-ның материалдық-техникалық базасын жақсарту, сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби біліктілігін үздіксіз арттыру мәселелері қаралды.
Науқанбарысындаөңірде шығып қалғардардың орнына6мәслихатдепутатысайланатынын айта кетукерек.СайлауАқтөбеоблысының,Ақтөбе қаласының,Қобда,Мұғалжар,Шалқараудандарыныңмәслихаттарынатағайындалды. Сайлауға 5аумақтық,6округтік,21учаскеліксайлаукомиссияларыжұмылдырылды.
Ортсайлауком басшысы өңірге сапары барысында облыстың, Ақтөбе қаласының және Қобда ауданының аумақтық сайлау комиссияларына, Қобда ауданының Қобда ауылындағы №№1, 4 округтік сайлау комиссияларына және №№414, 417 сайлау учаскелеріне барып, дауыс беруге дайындық барысымен танысты. Танысу барысында Нұрлан Әбдіров «барлық сайлаушыларды ағымдағы науқан туралы хабардар ету, дауыс беру құпиясын қамтамасыз ету, дауыс берушілер үшін, байқаушылар мен БАҚ өкілдерінің қызметіне қажетті жағдай жасау және мүгедек адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету қажеттілігіне» ерекше назар аударды.
Электораттық оқыту үдерісіне мониторинг жүргізу мақсатында сайлау комиссиялары мүшелерінің сайлау заңнамасы мен сайлау рәсімдерін білуіне бақылау тестілеуі өткізілді. Сонымен қатар, сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған семинар-тренинг өтті, онда қолданыстағы сайлау саласындағы нормативтік-құқықтық база егжей-тегжейлі түсіндірілді, сондай-ақ семинар-тренингке қатысушыларды қызықтыратын барлық сұрақтарға жауаптар берілді. Семинардың тәжірибелік бөлігі сайлау науқаны кезеңіндегі іс-қимылдардың алгоритмін қолдана отырып, сайлау заңнамасы негізінде кейстік жағдайларды және олардың практикалық шешімдерін пысықтаумен өткізілді.
Жалпы республика бойынша қосымша сайлау барысында еліміздің 14 өңірінде 35 мәслихат депутаты (1 облыстық, 9 қалалық және 25 аудандық мәслихат депутаты) сайланады. Науқанды дайындау және өткізу барысы туралы толығырақ Ортсайлаукомның сайтында танысуға болады.
Ағымдағы науқан басталғаннан бері осындай инспекциялық сапармен Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы мен мүшелері елдің жеті аймағына барды. Осылайша, Ортсайлауком басшысы Нұрлан Әбдіров Ақтөбе облысымен қатар Ақмола, Қарағанды және Түркістан облыстарында, ал ҚР ОСК мүшелері Азамат Айманақұнов, Михаил Бортник және Асылбек Смағұлов тиісінше Атырау, Қостанай және Қызылорда облыстарында қосымша сайлауға дайындық барысын тексерді.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы осы сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде аумақтық сайлау комиссияларына әдістемелік басшылықты, сондай-ақ олардың қызметінің сайлау заңнамасының талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады.