Дәстүрлер, әндер, ойындар: ОСК-да Наурыз мейрамы атап өтілді

Дәстүрлер, әндер, ойындар: ОСК-да Наурыз мейрамы атап өтілді

20 наурызда Орталық сайлау комиссиясында Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Мазмұнды және қызықты бағдарлама ұйымдастырылып, ОСК аппараты мен  «ИТО» РМК қызметкерлері ұлттық билер мен әндерді орындап, халық салт-дәстүрлері мен ойындарын көрсетті.

«Наурыз – еліміздің Тәуелсіздігімен бірге қайта оралған ерекше де қасиетті мереке. Наурыз – халықтың ынтымақ-бірлігін арттыратын да ұлы мереке. Бұл мерекеге Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ерекше мәртебе беріп, Наурызды мерекелеу тұжырымдамасын қабылдаудың маңыздылығын атап өтті», деп атап өтті ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Ол сондай-ақ қызметкерлерді Наурыз мейрамымен құттықтап, баршаға амандық пен өркендеу тіледі.

Наурыз мейрамы - мейірімділік пен тазалықтың бейнесі. Сондықтан мерекеге дайындық аясында ОСК қолдауға мұқтаж аз қамтылған отбасылар мен мүгедек балаларға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциясына қатысты. Бір апта ішінде ұжым оларға көптеген сыйлықтар, соның ішінде киім, ойыншықтар, ыдыс-аяқтар және басқа да қажетті керек-жарақтарды жинады. 19 наурызда жиналған заттар «Нұр Әлем Қазақстан» қоғамдық қайырымдылық қорының басшысы Наталья Коноваловаға берілді.