ҚР ОСК мүшелері Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында болды

ҚР ОСК мүшелері Шығыс Қазақстан мен  Абай облыстарында болды

2024 жылғы 4-6 наурыз аралығында ҚР ОСК Төрағасының орынбасары Константин Петров пен ҚР ОСК мүшесі Сабила Мұстафина жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан және Абай облысына барды.

Өңірлерге сапарға Орталық сайлау комиссиясы аппаратының жауапты қызметкерлеріде қатысты.

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері 4 және 6 наурызда тұрақты кәсіби негізде өкілеттіктерін жүзеге асыратын осы өңірлердің барлық деңгейлеріндегі аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері үшін семинар-кеңестер өткізді.

Семинар-кеңестер барысында Константин Петров 2024 жылғы 31 наурызға тағайындалған мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды дайындау және өткізу ерекшеліктері туралы айтып берді. Сонымен қатар, ол сайлау және сайлауаралық кезеңдерде тұрақты кәсіби негізде өкілеттіктерін жүзеге асыратын сайлау комиссиялары мүшелерінің қызметі, сайлау процесін тұтастай ұйымдастыру, сайлаушылар тізімімен жүйелі жұмыс, сайлау процесінің барлық қатысушыларымен өзара іс-қимыл мәселелерін белгіледі.

Сабила Мұстафина сайлау процесіне қатысушыларды электораттық оқытуды ұйымдастыру мен принциптерін, сайлауды ұйымдастырушылардың еңбегіне ақы төлеуді, ұйымдастыру мәселелерін қаржыландыруды, бюджеттің атқарылуы мен іске асырылуын қамтитын сайлауды мемлекеттік қаржыландыру мәселелерін және т.б. түсіндірді.

Аталған іс-шаралар шеңберінде ҚР ОСК аппаратының бөлім меңгерушілері Әйгерім Тәжиева, Гүлназ Кембаева АСК мүшелерін сайлауды ұйымдастырушыларды оқыту нысандары және әдістерімен, мәслихат депутаттығына кандидаттарды сайлау алдындағы үгітті мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландырумен егжей-тегжейлі таныстырды, сондай-ақ қатысушылар үшін тестілеу өткізді.

Семинар-кеңестердің екінші бөлімінде өңірлердің АСК мүшелері сайлау заңнамасына сәйкес сайлау тәжірибесі мен олардың практикалық шешімдері негізінде кейстік жағдайларды пысықтай отырып, дауыс беру күні бойынша практикалық сабақтар ұйымдастырды. Бұл ретте, ҚР ОСК мүшелері негізгі сарапшылар болды.

Сондай-ақ, жұмыс сапары аясында Константин Петров пен Сабила Мұстафина Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы мен Абай облысының Жарма ауданының аумақтық сайлау комиссияларына барды. ҚР ОСК мүшелері мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды өткізу жөніндегі сайлау науқанының барысымен, сондай-ақ сайлау комиссиялары мүшелерінің дауыс беру күніне дайындығымен танысты.