Қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы ақпарат

Қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы ақпарат

2026 жылғы 17 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына 6 (алты) заңды тұлғалардан тиісті құжаттардың көшірмелері қоса беріліп, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы хабарламалар келіп түсті, атап айтқанда:

  1. «Еуразиялық интеграция институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - сауал салу әдісі: дауыс беру күні сайлау учаскелерінен шыққан сайлаушылар арасында қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу (exit-poll), сондай-ақ өзге де социологиялық зерттеу түрлері (фокус топтық пікір алысулар, сараптамалық сауал салу, интернет-ресурстар, face-to-face арқылы жаппай сауал салуды жүргізу, экспресс-сауал салу) қолданылады.
  2. «DATAMETRICS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - сауал салу әдісі: «face to face» жеке сұхбат әдісімен;
  3. «Қоғамдық саясат институты»жеке меншік мекемесі» - сауал салу әдісі: «face to face» сұхбаты, телефон арқылы сауал салу, интернет-сауал салу, exit-poll;
  4. Частный фонд «Институт комплексных социальных исследований - Астана» ОФ ИКСИ «СОЦИС-А» - сауал салу әдісі: дауыс беру үй-жайлары мен учаскелерінен тыс жерлерде «жеке сауалнама» және «үздіксіз ағын» әдістерімен (exit-poll) сауал салу, «face-to face» жеке сұхбат, әлеуметтік желілер мен электрондық тарату құралдарын пайдалана отырып қашықтықтан сауалнама жүргізу;
  5. «Қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы - сауал салу әдісі: «face-to-face» жеке сұхбат әдісімен, телефон арқылы сауал салу, exit-poll; 
  6. «Демократия Институты» ғылыми-зерттеу ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі - сауал салу әдісі: «face-to-face» сұхбаты, интернет-арналарды пайдалану арқылы жаппай сауал салуды жүргізу әдісімен.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 9-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформалар сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялаған кезде сауал жүргiзген заңды тұлғаны, сауал жүргізуге тапсырыс берген және оның ақысын төлеген тұлғаларды, сауал жүргiзілген уақытты, ақпарат жинау әдiсiн, сұрақтың нақты тұжырымын, сауал салынғандардың саны мен сауал салу нәтижелерінің қателiк коэффициентiн көрсетуге мiндеттi.

Қоғамдық пікірге сауал салуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу бойынша кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, бұл туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып жүргізуге құқылы. 

Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін хабарламада сауал салуды жүргізуге қатысатын және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар туралы, қоғамдық пікірге сауал салу жүргізілетін өңірлер туралы, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетіледі.

Қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерiнiң болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні бұқаралық ақпарат құралдарында, онлайн-платформаларда жариялауға жол берілмейдi.

Сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргізуге тыйым салынады.

Сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргiзу шарттарын бұзу тұлғаны әкімшілік жауаптылыққа тартуға негіз болып табылады (ӘҚБтК-нің 120-бабы).