Аумақтық сайлау комиссиясының 160 мүшесі оқытудан өтті

Аумақтық сайлау комиссиясының  160 мүшесі оқытудан өтті

24–25 маусым күндері Орталық сайлау комиссиясы онлайн-семинар форматында еліміздің барлық өңірлерлегі  аумақтық сайлау комиссиясының 160 мүшесіне арналған оқыту курсын өткізді.

Курс бағдарламасы сайлауды дайындау мен өткізудің кең ауқымды практикалық мәселелерін қамтыды. Қатысушылар сайлау заңнамасындағы өзекті өзгерістер мен жаңшылдықтарды, сондай-ақ ақпараттандыру, сайлау алдындағы үгіт-насихат және бақылау тәртібін талқылады.

Оқыту барысында практикалық дағдыларды шыңдауға ерекше назар аударылды: өткен сайлау науқандарының кейстері талданды, аумақтық комиссиялардағы сайлау науқанын жоспарлау — күнтізбе, үйлестіру және учаскелік комиссиялармен өзара іс-қимыл жасау мәселелері қаралды. Екінші күннің қорытынды бөлігі сайлау процесіндегі коммуникациялар бойынша практикалық тренингке арналды.

Бағдарламаның айтарлықтай бөлігі интерактивті форматқа негізделді: қатысушылар шағын топтарда жұмыс істеп, тәжірибеден алынған бейнежағдайларды талдады, кейстердің шешімдерін дайындап, оларды кейіннен сараптамалық талқылаумен таныстырды. Мұндай тәсіл теориялық нормаларды талдап қана қоймай, комиссия мүшелерінің іс-қимыл алгоритмдерін бекітуге де мүмкіндік берді.

Курс қорытындысы бойынша қатысушылар кері байланыс сауалнамасын толтырып, электрондық сертификаттарға ие болды.

Аталған оқыту курсы Орталық сайлау комиссиясының барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға бағытталған жүйелі жұмысының жалғасы болып табылады. Оның негізгі мақсаты – сайлау процесін сапалы ұйымдастыру үшін қажетті практикалық дағдыларды нығайту және жетілдіру