Орталық референдум комиссиясында Шанхай ынтымақтастығы ұйымы (ШЫҰ) және Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) байқаушылар миссияларының басшылығымен кездесу өтті

Орталық референдум комиссиясында Шанхай ынтымақтастығы ұйымы (ШЫҰ) және Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) байқаушылар миссияларының басшылығымен кездесу өтті

2026 жылғы 12 наурызда Орталық референдум комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров Шанхай ынтымақтастығы ұйымы байқаушылар миссиясының басшысы - ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Олег Копылов және Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) миссиясының басшысы - ТМҰ Бас хатшысының орынбасары Омер Коджаманмен кездесті.

Кездесу барысында ОРК Төрағасы Нұрлан Әбдіров 2026 жылғы
15 наурызға тағайындалған республикалық референдумға дайындық және өткізу бойынша егжей-тегжейлі ақпараттарға тоқталды.

Ол өз сөзінде референдум комиссияларының қызметі, учаскелердің материалдық-техникалық жабдықталуы, азаматтардың референдумға қатысу құқығын іске асыру үшін жасалған жағдайлар, сондай-ақ ақпараттандыру жұмыстары туралы айтып өтті.

«Республикалық референдумды байқау үшін 38 мемлекет пен 11 халықаралық ұйымнан 359 байқаушы қатысады. Халықаралық байқаушылардың қатысуы референдумды өткізудің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ дауыс беру үдерісінің ұлттық заңнамаға сәйкес ұйымдастырылып жатқанын халықаралық қауымдастықтың көруіне мүмкіндік береді», - деп атап өтті ОРК Төрағасы.

Кездесу барысында тараптар референдумды байқауды ұйымдастырудың жекелеген мәселелері, халықаралық байқаушылардың жұмысына жасалатын жағдайлар және өзара іс-қимыл тетіктері туралы пікір алмасты.

Өз кезегінде халықаралық миссиялардың басшылары референдумды халықаралық байқау бойынша жұмыс жоспарларымен бөлісті.