ҚР ОСК өкілдері Түркістан облысы Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барды

ҚР ОСК өкілдері Түркістан облысы  Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барды

2025 жылғы 19 қыркүйекте ҚР ОСК хатшысы Шавхат Өтемісов пен ОСК мүшесі Азамат Айманакумов ағымдағы жылдың 5 қазанына тағайындалған Сайрам ауданы әкімінің және 26 қазанда өтетін шығып қалған мәслихаттар депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу шеңберінде Түркістан облысы Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барды. Жұмыс сапарына ОСК аппаратының жауапты қызметкері Т.Ж. Рыспеков қатысты.

Сапар мақсаты Сайрам ауданы әкімінің және шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау ұйымдастыру жұмыстарын пысықтау, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына арналған оқыту-түсіндірмелік шараларын өткізуге бағытталды.

ОСК хатшысы Шавхат Өтемісовтің төрағалығымен өткізілген жиналысқа жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, облыстық, қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларының басшылары қатысты.

Жиналыс барысында электоралдық науқан кезінде жауапты органдардың өзара іс-қимылы, сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық жабдықталуы, сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету жұмыстарының өзекті мәселелері талқыланды.

Жиналысты қорытындылаған ОСК хатшысы сайлау заңнамаларының талаптарын сақтаудың маңыздылығын, мемлекеттік органдар мен сайлау комиссияларының үйлесімді әрекет ету қажеттігін атап өтті.

ОСК мүшелері Сайрам ауданындағы №55 мектепте болып, мектептегі өзін-өзі басқару жүйесімен танысты. Жас сайлаушылар мектеп Президенттігіне кандидаттардың бағдарламаларымен танысып, дауыс бере алады. ОСК делегациясы жастар арасында сайлау мәдениетін қалыптастыру маңызды екенін атап өтті.

ОСК бастамасымен биылғы жылы өңірлерде «Жас сайлаушылар клубын» құру туралы бастама көтерілген болатын. ОСК мүшелері Сайрам ауданында құрылған «Жас сайлаушылар клубының» қызметімен танысты.

Клуб мүшелері өздерінің жұмыстары мен бастамалары туралы баяндады. Кездесуге «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Біздің орта» еріктілер клубының белсенділері де қатысып, өздері тарапынан жүзеге асырылған әлеуметтік жобалар туралы ақпарат ұсынды.

ОСК өкілдері жастардың бастамаларын оң бағалап, олардың қоғамдағы белсенділігі мен азаматтық ұстанымын нығайтудағы рөлін атап өтті.

Одан әрі ОСК делегациясы Сайрам ауданының Ақсукент ауылындағы аумақтық сайлау комиссиясы мен №534, 562 учаскелік сайлау комиссияларында болып, учаскелердің материалдық-техникалық жабдықталуы және комиссиялардың сайлауды өткізуге әзірлік жұмыстарымен танысты. Учаскелердегі мүгедектігі бар адамдарға арналған инфрақұрылымға қолжетімділік жағдайлары, байқаушылармен, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өзара іс-қимылдың ерекшеліктері бойынша егжей-тегжейлі ұсынымдар берілді.

Сайлау комиссияларының кәсіби қызметін қамтамасыз ету ОСК-ның басты назарында. Осы ретте, сайлау комиссияларының дайындығын пысықтау үшін аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелеріне арналған тест ұйымдастырылды. Аталған тестілеу сайлау заңнамасының негізгі нормалары, сайлауды ұйымдастыру рәсімдері, сайлау комиссияларының міндеттері, т.б. бағыттарды қамтыды.

Тестілеуден кейін АСК мүшелерінің қатысуымен семинар ұйымдастырылып, тестілеу нәтижелері жан-жақты талданды және сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастырудағы нақты қадамдар пысықталды.

Семинарда комиссия мүшелеріне учаскелерде туындайтын түрлі жағдайларды шешу жолдары түсіндіріліп, заңнаманы қолданудың практикалық мысалдары келтірілді. Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету, құжаттаманы жүргізу және сайлаушыларды ақпараттандыру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

ОСК өкілдері семинар қорытындысында барлық деңгейдегі сайлау комиссияларына кәсіби біліктілікті үздіксіз арттыруды, заң талаптарын қатаң сақтауды және сайлауды жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізуді қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар берді.

Анықтама үшін:

Сайрам ауданы әкімін сайлау жұмыстарына 90 сайлау комиссиясы жұмылдырылған, оның ішінде: 1 аумақтық, 89 учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс жасайды.

Түркістан облысы бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына Түркістан қаласы, Келес, Ордабасы, Сайрам аудандарында сайлау тағайындалған. Оған 4 аумақтық, 4 округтік,
12 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылған.