2025 жылғы 24 - 25 маусымда ҚР ОСК АСК мүшелері үшін кезекті оқыту семинарын өткізді

2025 жылғы 24 - 25 маусымда ҚР ОСК АСК мүшелері үшін кезекті оқыту семинарын өткізді

А. ж.  24-25 маусымында ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2025 жылға арналған Қазақстан Республикасында сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар кешеніне сәйкес тұрақты кәсіби негізде өкілеттігін жүзеге асыратын 80 АСК мүшелеріне «Сайлау процесіндегі тиімді коммуникациялар мен құқықтық аспектілер» атты оқыту семинарын өткізді.

Семинардың бірінші күні ҚР ОСК хатшысы Шавхат Өтемісов қатысушыларды әзірленіп жатқан сайлау заңнамасының новеллаларымен таныстырды. ҚР ОСК мүшесі Азамат Айманақұмов шығып қалған мәслихаттар депутаттарының орнына және ауылдық округтер әкімдерінің өткен сайлау науқандарына талдау жүргізді. Шақырылған спикер – ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов дағдарыстық коммуникациялардың негізгі аспектілері тақырыбында сөз сөйледі.

Сондай-ақ бұл күні семинарға қатысушылар үшін стрессті және күрделі коммуникацияларды басқарудағы эмоциялық интеллект және тиімді көпшілік алдында сөйлеу бойынша тренингтер өткізілді.

Екінші күні семинарға қатысушылар екі топта жұмыс істеді. Бірінші топта - сайлау процесін құқықтық сүйемелдеуге жауапты АСК мүшелері, екінші топта - ақпараттық қамтамасыз етуге жауапты АСК мүшелері.

Бірінші топта ҚР ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өңірлердегі сот талаптарының кеңейтілген шолуын өткізді. ҚР ОСК аппаратының заң бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Тұрғанбаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» КЗ, ӘРПК аясындағы өтініштерді қарау, сайлау цензурасының стандарттары тақырыбында сөз сөйледі, сондай-ақ өткен науқан жағдайларын талдау бойынша практикалық сабақ өткізді.

Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарының АСК мүшелері Қадырғазы Мәмілин мен Мағрипа Нығышева сайлау заңнамасындағы жауапкершілік мәселелері және әкімдер сайлауын өткізу кезіндегі кейбір құқықтық аспектілер бойынша сөз сөйледі.

Екінші топта ҚР ОСК мүшесі Ләззат Сүйіндік ақпараттық ортадағы дағдарысқа қарсы коммуникация аспектісінде электоралдық науқандарға талдау жүргізді. БАҚ және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі Ерлан Қарабалаев ақпараттық сүйемелдеу, сайлау алдындағы үгіт, сайлауды байқау және әлеуметтік желілерді әкімшілендіру мәселелері бойынша сөз сөйледі. Спикерлер сондай-ақ семинарға қатысушылар үшін workshop форматында практикалық сабақ өткізді.

БҚО және Қызылорда облысы АСК мүшелері Асыланбек Ғұбашев пен Абай Тағыбергенов әкім лауазымына кандидаттар арасында сайлау алдындағыпікірталас өткізу және сайлау комиссияларының қызметін ақпараттандырудағы медиакоммуникациялар бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

АСК мүшелері дәстүр бойынша сайлау процесін ұйымдастырудың құқықтық және практикалық негіздерін білуге тестілеуден өтті.