2025жылғы4-5маусымдаҚазақстанРеспубликасыОрталықсайлаукомиссиясының ТөрағасыНұрланӘбдіров2025жылғы15маусымғатағайындалғанЗерендіауданыәкімініңсайлауындайындаужәнеөткізушеңберіндеинспекциялықсапарменАқмолаоблысыныңЗерендіауданына барды.СапарғаҚРОСКтөрағасыныңорынбасарыМұхтарЕрман,ҚРОСКхатшысыШавхатӨтемісов,ҚРОСКмүшелеріАзаматАйманақұмов,МихаилБортник,АсылбекСмағұловжәне комиссияаппаратыныңжауаптықызметкерлеріқатысты.
Сапар аясында ОСК Төрағасы кәсіби тұрақты негізде өкілеттіктерін жүзеге асыратын облыстың және Зеренді ауданының аумақтық сайлау комиссияларының мүшелерімен, сондай-ақ учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен кездесті. Кездесуде ағымдағы сайлау науқаны, сайлау өткізуге дайындық, сайлау учаскелерін жарақтандыру, барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары мүшелерін үздіксіз электоралды оқыту мәселелері талқыланды.
Ортсайлауком басшысы өңірге сапары барысында Зеренді ауданының аумақтық сайлау комиссиясына және №554 сайлау учаскесіне барып, дауыс беруге дайындық барысымен танысты. Сапар барысында Нұрлан Әбдіров «барлық сайлаушыларды ағымдағы науқан туралы хабардар ету, дауыс беру құпиясын қамтамасыз ету, дауыс берушілер, байқаушылар мен БАҚ өкілдерінің қызметі үшін қажетті жағдайлар жасау, мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету қажеттілігіне» ерекше назар аударды.
Электоралды оқыту үдерісіне мониторинг жүргізу мақсатында сайлау комиссиялары мүшелерінің сайлау заңнамасы мен сайлау рәсімдерін білуіне бақылау тестілеуі өткізілді. Сондай-ақ аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері үшін семинар-тренинг өтті, онда қолданыстағы нормативтік-құқықтық база егжей-тегжейлі түсіндірілді, сонымен қатар қатысушылар сайлауды ұйымдастыру және өткізу бойынша барлық қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Семинардың тәжірибелік бөлігі сайлау науқаны кезеңіндегі іс-қимылдардың тәжірибеге бағдарланған әдістері мен алгоритмін қолдана отырып, кейстік жағдайларды және олардың сайлау заңнамасы негізінде практикалық шешімдерін пысықтаумен өткізілді.
Сапар аясында Нұрлан Әбдіровтың төрағалығымен Зеренді ауданы әкімінің сайлауын өткізу мәселелері бойынша кеңес өтті. Сайлауға дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы аумақтық сайлау комиссияларының, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары баяндады. ОСК Төрағасы кеңеске қатысқан лауазымды тұлғалардың назарын сайлау заңнамасына қатаң сәйкестікте сайлау өткізу, жариялылық пен ашықтықты, сайлау процесінің барлық кезеңдерінде қоғамдық және өзге де қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігіне аударды.
Зеренді ауданының әкімін сайлау бойынша сайлау науқанына барлығы 72 сайлау комиссиясы, оның ішінде 2 аумақтық сайлау комиссиясы және 70 учаскелік сайлау комиссиясы жұмылдырылды.
Қалыптасқан дәстүр бойынша Нұрлан Әбдіров Зеренді ауданының жас сайлаушыларымен кездесті. ОСК басшысымен кездесуге 50-ден астам адам қатысты.
Кездесуде ОСК басшысы 2022 жылғы конституциялық реформа аясында Қазақстанның жаңартылған сайлау жүйесінің ерекшеліктері туралы айтты.
«Елдің сайлау жүйесін трансформациялау халықтың елді басқаруға қатысуын арттыру арқылы билік институттарын қалыптастырудың сапалы жаңа моделіне көшуді білдіреді және өзінің мәні бойынша сайлау жүйесінің жаңалықтары жұртшылықтың сұраныстары мен ұсыныстарына негізделген», - деп атап өтті Нұрлан Әбдіров. Сонымен қатар, ол өткізілген сайлау науқандары, сайлау саласындағы өзекті трендтер мен шетелдік тәжірибе, басқа елдердегі сайлаулар мен референдумдарды ҚР ОСК халықаралық байқауы туралы айтты.
Жас сайлаушылар белсенді қатысқан өзекті сайлау мәселелері бойынша дәстүрлі онлайн-сауалнама үлкен қызығушылық тудырды. Сауалнама нәтижелері көрсеткендей:
Кездесу «сұрақ-жауап» сессиясымен және Зеренді ауданының жастарымен пікірталаспен аяқталды. Өз кезегінде, жас маман Әсем Ғиззат аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымына орналасуға қойылатын талаптар туралы, Әділет Баймұқан - сайлау саласындағы шетелдік тәжірибе туралы, Аягөз Кенжегозин - кандидаттардан сайлау жарналарын жұмсау туралы, Ақсаулеш Омарова - УСК құрамында жұмыс істеу мүмкіндігі туралы, Тұяқ Шерхан - сайлау учаскелерінде байқаушылардың фото және бейне түсірілімі туралы мәселеге қызығушылық танытты. Сандуғаш Қалиева елдегі сайлау бойынша кез келген ақпарат орналастырылатын барлық азаматтар үшін бірыңғай портал құруды ұсынды.
Белсенді қатысушыларға электоралдық тақырыптағы ғылыми басылымдардың көшірмелері табысталды.