Қазақстанның бастамасы ТМҰ саммитінде жоғары бағаланды

Қазақстанның бастамасы ТМҰ саммитінде жоғары бағаланды

2025 жылғы 20-21 мамырда Будапешт қаласында (Венгрия) Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) бейресми саммиті өтті, оның Қорытынды декларациясында Қазақстанның ТМҰ-на мүше мемлекеттердің Орталық сайлау органдарының консультативтік платформасын құру жөніндегі бастамасы жоғары бағаланды.

Саммит барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның маңызды қадамдары арасында Орталық сайлау органдарының консультативтік платформасын (ОСО КП) құруға ерекше көңіл аударып, оның алғашқы отырысы түркі әлемінің рухани астанасы - Түркістан қаласында табысты өткенін атап өтті:

«Қазақстанның бастамасымен өткен аптада Орталық сайлау органдарының консультативтік платформасы құрылды. Оның алғашқы отырысы киелі Түркістан қаласында табысты өтті».

ТМҰ саммитінің қорытынды декларациясында Қазақстанның бастамасы жоғары бағаланды:

«ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің Орталық сайлау органдарының консультативтік платформасын құруды жоғары бағалаймыз және оның алғашқы отырысының қорытындыларын, сондай-ақ 2025 жылғы 13-15 мамырда Түркістанда өткен «Түркі әлемі: сайлау жүйелерінің дәстүрі, тәжірибесі және даму болашағы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастыруды қолдаймыз».

2025 жылғы 14 мамырда Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің Орталық сайлау органдарының консультативтік платформасы туралы ережеге қол қойылды және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған «Түркі әлемі: сайлау жүйелерінің дәстүрі, тәжірибесі және даму болашағы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткенін атап өті керек.

Өткен іс-шаралар туралы толық ақпаратты келесі сілтемелер арқылы алуға болады:

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің Орталық сайлау органдарының консультативтік платформасы туралы ережеге қол қою

«Түркі әлемі: дәстүрлер, практика және сайлау жүйелерін дамыту перспективалары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция