«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 101-бабы 4-тармағына сәйкес ағымдағы жылғы 30 қазанда республиканың 10 өңірінде 30 сайлау округінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтеді.
Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды облыстық сайлау комиссиялары тағайындайды.
Сайлау заңнамасына сай Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы осы сайлауды ұйымдастыру мен өткiзу кезiнде аумақтық сайлау комиссияларына әдiстемелiк басшылықты, сондай-ақ олардың қызметiнің сайлау туралы заңның талаптарына сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады.
Қазіргі сәтте барлық тартылған сайлау комиссиялары қажетті материалдық-техникалық және қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілген және жұмыс істеуге дайын.
Барлығы 4 облыстық, 10 қалалық және 16 аудандық мәслихат депутаттары сайланатын болады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес мәслихат депутаттығына кандидаттарды белгіленген тәртіпте тіркелген республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері мен азаматтар - өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынады.
Мәслихат депутаттығына сайлану үшін азамат Конституцияның 86-бабының 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуі, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес сайлау құқығына ие болуы тиіс.
Осылайша, 20 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар сайлау және сайлану құқығына ие бола алмайды.
Республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынуын, әрбір кандидаттың дауысқа түсетін сайлау округін көрсете отырып, олардың жоғары органдары жүргізеді.
Мәслихат депутаттығына кандидаттарды азаматтардың өзін-өзі тәртібімен ұсынуы тиісті округтік сайлау комиссиясына осы аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш беруі арқылы жасалады.

Бүгін 2017 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Сарапшылық-әдістемелік кеңестің отырысы өтті.
Оған Ортсайлаукомның мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Т. Сейдуманов, Қазақстан Республикасы Заңнама институты директорының орынбасары Ж.О. Тілембаева, Заңнама институтының халықаралық заңнама және салыстырмалы құқықтану бөлімінің бастығы Абай Абылайұлы, Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті заң факультетінің деканы С.К. Амандықова және ЕҰУ профессоры Ш.В. Тлепина қатысты.
Күн тәртібіне «Қазақстан Республикасының азаматтарын уақытша тіркеу негізінде сайлаушылар тізімін қалыптастыру ерекшеліктері туралы» мәселе шығарылды. Ортсайлауком басшысы Б.М. Имашев өз сөзінде азаматтарды тұратын жері бойынша уақытша және тұрақты тіркеуге қатысты жақында қабылданған нормативтік құқықтық актілер аясында бұл мәселенің маңыздылығын атап көрсетті.
Сарапшылық-әдістемелік кеңестің мүшелері уақытша тіркелген азаматтарды сайлаушылар тізіміне енгізу туралы, жергілікті өкілді органдарға сайлауға уақытша тіркелген азаматтардың қатысу мүмкіндігі туралы мәселелерді талқылады.
Отырыста Сарапшылық-әдістемелік кеңестің мүшелері уақытша тіркелген азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу мәселелері бойынша ұсыныстар енгізді, сонымен қатар сайлау туралы заңнаманы сайлаушылар тізіміне уақытша тіркелген азаматтарды енгізу бөлігінде одан әрі жетілдіру үшін туралы ұсыныстар әзірлеу жөнінде жемісті пікір алмасу болды.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Сарапшылық-әдістемелік кеңес отырысы
2017 жылғы 4 сәуір Астана қ., Бейбітшілік көш.,4,
15:00 сағ. 802 каб.
Күн тәртібі
1. Қазақстан Республикасы азаматтарын уақытша тіркеу негізінде сайлаушылардың тізімдерін қалыптастыру ерекшеліктері туралы.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Комиссия жанынан құрылған Сарапшылық-әдістемелік кеңестің бірінші отырысы болды.
Сарапшылық-әдістемелік кеңес Ортсайлаукомның 2017 жылғы 7 ақпандағы қаулысымен халықаралық нормалар мен шетелдік электораттық тәжірибені ескере отырып, ғылыми зерттеулер жүргізу және консультациялық қызметтер көрсету арқылы қазақстандық сайлау заңнамасы мен құқық қолдану практикасын жетілдіру мақсатында құрылды.
Кеңестің құрамына Ортсайлауком мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары З.Я. Балиева және С.Т. Сейдуманов, Заңнама институтының директоры А.С. Тукиев, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры Е.Қ. Көбеев, Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры М.С. Башимов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Заң факультетінің деканы С.К. Амандықова, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры Э.Б. Мұхамеджанов және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Ш.В. Тлепина енді.
Ортсайлауком басшысы Б. Имашев өзінің сөйлеген сөзінде сайлау және референдумдар туралы заңнамаға қоғамдық мониторинг жүргізуде, сайлау процесінде жаңа технологияларды қолдану жөніндегі ұсыныстарды талдауда және дайындауда Кеңес қызметінің маңыздылығын атап өтті.
Сарапшылық-әдістемелік кеңестің отырысында оның 2017 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасы мәселелері бойынша оны одан әрі жетілдіру жөнінде, ұсыныстарды әзірлеу үшін нәтижелі пікір алмасу болды.
Қазақстан республикасы парламенті мәжілісінің және мәслихаттарының дeпутаттарын сайлауда дауыс бeру сайлау туралы заң талаптарына сәйкес жабдықталған, арнайы бөлінгeн бөлмeлeрдe өткізілугe тиіс.
Дауыс бeрeтін күні учаскeлік сайлау кoмиссиялары дауыс бeру басталғанға дeйін бір сағат бұрын дауыс бeругe арналған сайлау учаскeлeрін аша бастауға тиіс.
Парламент мәжілісі мен мәслихаттар дeпутаттарын сайлау жөніндeгі дауыс бeру сайлау күні жeргілікті уақытпeн сағат жeтідeн жиырмаға дeйін өткізілeді.
Аумақтық сайлау кoмиссиялары тиісті әкімнің, учаскeлік сайлау кoмиссияларының ұсынысы бoйынша дауыс бeруді бастайтын жәнe аяқтайтын басқа уақыт бeлгілeугe құқылы. Бұл oрайда дауыс бeруді сағат алтыдан eртe бастап, сағат жиырма eкідeн кeш аяқтауға бoлмайды. Дауыс бeруді бастау жәнe аяқтау уақытын өзгeрту туралы аумақтық кoмиссиялардың шeшімі дауыс бeру күнінe кeм дeгeндe жeті күн қалғанда қабылданып, сайлаушыларға хабарлануға тиіс.
Учаскeлік сайлау кoмиссиясы дауыс бeрeтін уақыт пeн oрын туралы дауыс бeру өткізілeтін күнгe дeйін oн күннeн кeшіктірмeй сайлаушыларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ өзге де әдістермен хабардар eтугe тиіс.
Қазақстан рeспубликасының иeлігіндeгі жәнe сайлау күні жүзудe жүргeн кeмeлeрдe, әскeр бөлімдeріндe, шалғайдағы жәнe қатынасу қиын аудандарда, алыстағы мал шаруашылығы учаскeлeріндe, дeмалыс үйлeріндe, санатoрийлeрдe, тұрақты eмдeу-прoфилактикалық мeкeмeлeріндe, тeргeу изoлятoрлары мeн уақытша ұстау изoлятoрларында, сoндай-ақ шeт мeмлeкeттeрдeгі қазақстан рeспубликасының өкілдіктeрі жанынан құрылған сайлау учаскeлeріндe, eгeр тізімгe eнгізілгeн сайлаушылардың бәрі дауыс бeрсe, учаскeлік сайлау кoмиссиясы дауыс бeруді кeз кeлгeн уақытта аяқталды дeп жариялай алады. Мұндай учаскeлeрдің тізбeсін тиісті сайлау кoмиссиясы сайлауға дeйін жeті күннeн кeшіктірмeй бeкітeді.
Байқаушылардың қызметiн қаржылық және ұйымдық жағынан қамтамасыз ету байқаушыларын жiберген тараптардың қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
Халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бірлестіктердің, шетелдік мемлекеттік органдардың, шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардың тарапынан республикадағы сайлауды қаржыландыруға, олардың республикадағы сайлауды қаржыландыруға қандай да бір тікелей немесе жанама түрде қатысуына тыйым салынады.
Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары қазақстан республикасының егемендігін тануға және құрметтеуге, қазақстан республикасының конституциясы мен қазақстан республикасы заңдарының талаптарын сақтауға тиіс.
Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары:
Байқаушылардың қызметiн қаржылық және ұйымдық жағынан қамтамасыз ету байқаушыларын жiберген тараптардың қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
Халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бірлестіктердің, шетелдік мемлекеттік органдардың, шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардың тарапынан республикадағы сайлауды қаржыландыруға, олардың республикадағы сайлауды қаржыландыруға қандай да бір тікелей немесе жанама түрде қатысуына тыйым салынады.
Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары қазақстан республикасының аумағында болған уақытта қазақстан республикасының қамқорлығында (қорғауында) болады.
Байқаушылардың өз функцияларын орындау кезеңінде тиісті сайлау комиссиялары мен қазақстан республикасы сыртқы істер министрлігі халықаралық байқаушыларға қажетті жәрдем көрсетеді.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның (еқыұ) ұсынымдарына сәйкес ортсайлауком тіркелген байқаушылардың өз міндеттерін атқара алатынына, атап айтқанда:
Партиялық тізімдер бойынша сайланатын парламент мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауда жекелеген сайлау учаскелерінде электрондық сайлау жүйесін де, қағаз бюллетеньдерді де пайдалана отырып дауыс берудің аралас нысаны пайдаланылатын болады.
Дауыс беру нысанын таңдау туралы шешімді сайлаушының жеке өзі қабылдайды.
Электрондық сайлау жүйесі пайдаланылатын сайлау учаскелерін олардың электрондық дауыс беруге дайын болу шамасына қарай ортсайлауком айқындайды.
Электрондық сайлау жүйесін пайдалана отырып сайлау өткізу кезінде сенім білдірілген адамдар, байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сайлау туралы заңда көзделген құқықтар мен міндеттерді толық көлемде иеленеді.
Электрондық сайлау жүйесін пайдалана отырып дауыс беруге арналған үй-жайда ортсайлауком белгілеген тәртіппен электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсетуге рұқсат алған маман қатыса алады.
Сайлау туралы заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, электрондық сайлау жүйесіне қатысты іс-әрекетті кімнің болса да, жүзеге асыруына тыйым салынады.
Электрондық дауыс беруге және дауыстарды санауға кедергi келтiретін техникалық ақаулар туындаған жағдайда, сайлау комиссиясы бағдарламаны қайта қосу туралы шешiм қабылдауға құқылы, ол хаттамамен ресiмделедi және оған сайлау комиссиясының мүшелерi қол қояды. Бұл шешiмнiң орындалуы электрондық сайлау жүйесiн пайдалануды қамтамасыз ететiн маманға жүктеледi.
Жабдықтардың техникалық жай-күйі сайлауды тиісінше өткізуге мүмкіндік бермеген жағдайда, тиісті сайлау учаскесінде дауыс беру қағаз бюллетеньдермен өткізіледі.
Дауыстарды санау сайлау туралы заңда белгіленген уақытта басталады, бiрақ ол осы учаскедегі дауыс беруге арналған барлық құрылғылардағы деректер электрондық сайлау жүйесiне енгізілмей тұрып басталмауға тиіс.