2019 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы болды.
Сайлаушылардың келуі 77,5 %-ды құрады.
2019 жылғы 9 маусымда болған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыстарды санау нәтижелері туралы облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және астана сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша сайлаушылардың тізімдеріне 11960364 азамат енгізілгенін, олардан дауыс беруге 9274110 адам немесе 77,5 пайызы қатысқанын хабарлайды, олардан есептен шығару куәліктері бойынша 22502 және дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 105682 сайлаушы дауыс берді.
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат болып 7 адам дауысқа түсті.
Дауыс беру кезінде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар төмендегідей дауыстар санын жинады:
Ақмола облысы бойынша:
Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - 13124 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 3,05 пайызын;
Еспаева Дәния Мәдиқызы - 23914 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 5,56 пайызын;
Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы - 45802 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 10,64 пайызын;
Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы - 20165 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 4,69 пайызын;
Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы - 9896 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,3 пайызын;
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - 314859 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 73,16 пайызын;
Түгел Сәді-Бек - 2599 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,6 пайызын;
Ақтөбе облысы бойынша:
Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - 3794 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,79 пайызын;
Еспаева Дәния Мәдиқызы - 42751 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 8,85 пайызын;
Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы - 69472 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 14,39 пайызын;
Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы - 14958 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 3,1 пайызын;
Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы - 9186 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,9 пайызын;
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - 340979 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 70,62 пайызын;
Түгел Сәді-Бек - 1680 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,35 пайызын;
Алматы облысы бойынша:
Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - 10138 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,81пайызын;
Еспаева Дәния Мәдиқызы - 20508 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,64 пайызын;
Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы - 207431 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 16,6 пайызын;
Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы - 26711 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,14 пайызын;
Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы – 8720 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,7 пайызын;
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - 967042 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 77,4 пайызын;
Түгел Сәді-Бек - 8895 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,71 пайызын;
Атырау облысы бойынша:
Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - 1761 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,61 пайызын;
Еспаева Дәния Мәдиқызы - 11126 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 3,86 пайызын;
Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы - 65436 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 22,69 пайызын;
Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы – 3523 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,22 пайызын;
Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы - 4993 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,73 пайызын;
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - 199718 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 69,24 пайызын;
Түгел Сәді-Бек - 1882 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,65 пайызын;
Батыс Қазақстан облысы бойынша:
Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - 2854 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,94 пайызын;
Еспаева Дәния Мәдиқызы - 4415 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,45 пайызын;
Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы - 63355 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 20,85 пайызын;
Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы -2923 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,96 пайызын;
Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы - 5159 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,7 пайызын;
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы -223937 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 73,69 пайызын;
Түгел Сәді-Бек - 1237 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,41 пайызын;
Жамбыл облысы бойынша:
Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - 8341 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,45 пайызын;
Еспаева Дәния Мәдиқызы - 30777 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 5,35 пайызын;
Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы – 96415 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 16,76 пайызын;
Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы - 21400 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 3,72 пайызын;
Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы - 10757 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,87 пайызын;
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - 401133 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 69,73 пайызын;
Түгел Сәді-Бек - 6443 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,12 пайызын;
Қарағанды облысы бойынша:
Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - 11454 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,6 пайызын;
Еспаева Дәния Мәдиқызы - 44526 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 6,22 пайызын;
Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы - 125203 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 17,49 пайызын;
Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы - 21762 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 3,04 пайызын;
Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы - 6299 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,88 пайызын;
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - 501947 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 70,12 пайызын;
Түгел Сәді-Бек - 4654 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,65 пайызын;
Қостанай облысы бойынша:
Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - 2025 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,41 пайызын;
Еспаева Дәния Мәдиқызы - 43789 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 8,96 пайызын;
Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы - 51951 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 10,63 пайызын;
Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы - 14131 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,89 пайызын;
Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы - 17854 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 3,65 пайызын;
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - 357633 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 73,17 пайызын;
Түгел Сәді-Бек – 1365 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,28 пайызын;
Қызылорда облысы бойынша:
Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - 2015 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,51 пайызын;
Еспаева Дәния Мәдиқызы - 16783 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 4,22 пайызын;
Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы - 68804 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 17,32 пайызын;
Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы - 3226 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,81 пайызын;
Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы - 2896 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,73 пайызын;
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - 299192 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 75,32 пайызын;
Түгел Сәді-Бек - 4333 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,09 пайызын;
Маңғыстау облысы бойынша:
Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - 6158 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,32 пайызын;
Еспаева Дәния Мәдиқызы - 12911 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 4,86 пайызын;
Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы - 86958 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 32,73 пайызын;
Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы - 3069 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,16 пайызын;
Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы - 7236 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,72 пайызын;
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - 147495 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 55,52 пайызын;
Түгел Сәді-Бек - 1827 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,69 пайызын;
Павлодар облысы бойынша:
Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - 4949 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,11 пайызын;
Еспаева Дәния Мәдиқызы - 27450 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 6,16 пайызын;
Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы - 63895 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 14,33 пайызын;
Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы - 16923 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 3,79 пайызын;
Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы - 3226 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,72 пайызын;
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - 327277 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 73,39 пайызын;
Түгел Сәді-Бек - 2221 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,5 пайызын;
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:
Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - 10409 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 3,26 пайызын;
Еспаева Дәния Мәдиқызы - 9802 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 3,07 пайызын;
Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы - 32754 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 10,26 пайызын;
Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы - 12963 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 4,06 пайызын;
Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы - 19419 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 6,08 пайызын;
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - 232284 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 72,75 пайызын;
Түгел Сәді-Бек - 1660 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,52 пайызын;
Түркістан облысы бойынша:
Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - 10684 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,07 пайызын;
Еспаева Дәния Мәдиқызы - 28887 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,89 пайызын;
Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы - 178498 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 17,88 пайызын;
Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы - 45055 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 4,51 пайызын;
Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы - 10788 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,08 пайызын;
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - 720855 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 72,21 пайызын;
Түгел Сәді-Бек - 3487 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,35 пайызын;
Шығыс Қазақстан облысы бойынша:
Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - 15838 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,93 пайызын;
Еспаева Дәния Мәдиқызы - 51074 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 6,24 пайызын;
Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы - 126339 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 15,43 пайызын;
Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы - 16419 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,01 пайызын;
Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы - 10566 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,29 пайызын;
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - 580457 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 70,89 пайызын;
Түгел Сәді-Бек - 18102 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,21 пайызын;
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша:
Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - 15026 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 3,23 пайызын;
Еспаева Дәния Мәдиқызы - 36099 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7,76 пайызын;
Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы - 91038 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 19,57 пайызын;
Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы - 27307 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 5,87 пайызын;
Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы - 11536 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,48 пайызын;
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - 275346 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 59,19 пайызын;
Түгел Сәді-Бек - 8838 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,9 пайызын;
Алматы қаласы бойынша:
Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - 39375 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 6,7 пайызын;
Еспаева Дәния Мәдиқызы - 43489 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7,4 пайызын;
Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы - 50366 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 8,57 пайызын;
Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы - 19982 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 3,4 пайызын;
Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы – 30560 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 5,2 пайызын;
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - 392167 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 66,73 пайызын;
Түгел Сәді-Бек - 11754 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,0 пайызын;
Шымкент қаласы бойынша:
Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - 9704 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,53 пайызын;
Еспаева Дәния Мәдиқызы - 17413 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 4,54 пайызын;
Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы - 71684 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 18,69 пайызын;
Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы - 9934 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,59 пайызын;
Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы - 13807 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 3,6 пайызын;
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - 257394 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 67,11 пайызын;
Түгел Сәді-Бек - 3605 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,94 пайызын;
Қазақстан Республикасы бойынша:
Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - 167649 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,82 пайызын;
Еспаева Дәния Мәдиқызы - 465714 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 5,05 пайызын;
Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы -1495401 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 16,23 пайызын;
Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы - 280451 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 3,04 пайызын;
Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы - 182898 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,98 пайызын;
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - 6539715 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 70,96 пайызын;
Түгел Сәді-Бек - 84582 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0, 92 пайызын.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 65-бабына сәйкес 1953 жылы туған, қазақ, «Nur Otan» партиясының мүшесі, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, Нұр-Сұлтан қаласында тұратын Қазақстан Республикасының сайланған Президенті болып саналады.
1. |
Баймолдина Зәуреш Хамитқызы |
- |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі, заң ғылымдарының кандидаты (Кеңес Төрайымы) |
2. |
Балиева Зағипа Яхянқызы |
- |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі (экономика ғылымдарының докторы) |
3. |
Тукиев Аслан Сұлтанұлы |
- |
ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары (заң ғылымдарының кандидаты, доцент) |
4. |
Жақаева Лейла Сұлтанқызы |
- |
ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы (ҚР Жоғарғы Сотының аппараты) Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің талдау және жоспарлау бөлімінің меңгерушісі (заң ғылымдарының докторы, профессор) |
5. |
Көбеев Еркін Қиянатұлы
|
- |
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті жанындағы құқықтық зерттеулер және мемлекеттану институтының директоры (заң ғылымдарының докторы, профессор) |
6. |
Башимов Марат Советұлы |
- |
Еуропа құқығы және адам құқықтары сарапшылық институтының директоры (тарих ғылымдарының кандидаты, заң ғылымдарының докторы, профессор) |
7. |
Жұмағұлов Марат Иманғалиұлы |
- |
ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары заң ғылымдарының докторы, профессор) |
8. |
Сарсембаев Марат Алдоңғарұлы |
- |
Халықаралық дәрежедегі заңгер, заң ғылымдарының докторы, профессор |
9. |
Шаяхметов Шәкір Шәмілұлы |
- |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры (заң ғылымдарының кандидаты, доцент) |
10. |
Амандықова Сәуле Көшкенқызы |
- |
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті Заң факультетінің деканы (заң ғылымдарының докторы, профессор) |
11. |
Айдарбаев Сағынғали Жоламанұлы
|
- |
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультетінің деканы (заң ғылымдарының докторы, профессор) |
12. |
Пен Сергей Геннадьевич |
|
«М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ университеті» АҚ жоғары құқық мектебінің директоры (заң ғылымдарының кандидаты, доцент) |
13. |
Караев Алипаша Агаханович |
|
Каспий университетінің «Әділет» Жоғары құқық мектебі деканының орынбасары (заң ғылымдарының кандидаты, профессор) |
2018 жылғы 29 маусымда сайлаушылар болып табылатын мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында сайлау тәжірибесінде алғаш рет «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға толықтырулар қабылданды.
Мынадай нормалар көзделді:
– 18-бап (4-1-тармақ) учаскелік сайлау комиссиялары мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдайтынын көздейді;
– 39-бап (1-1-тармақ) дауыс беруге арналған үй-жайды жабдықтау кезінде мүмкіндіктері шектеулі азаматтар болып табылатын сайлаушылардың кедергісіз кіруі және онда дауыс беруі үшін жағдайлар қамтамасыз етілуі тиіс екенін көздейді;
– 48-бап (2-1-тармақ) жергiлiктi атқарушы органдар сайлау комиссияларына мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыста жәрдемдесуге мiндеттi екенін көздейді.
«Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Орталық сайлау комиссиясының қаулысына жаңа «Мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін дауыс беруге арналған үй-жайды жарақтандыру ерекшеліктері» деген тарау енгізілді.
Бұл тарау мыналарды көздейді:
– дауыс беруге арналған үй-жайлар (пункттер) орналасатын ғимаратқа кіреберісте тұтқалар, төсеніштер, пандустар, сондай-ақ басқа да қажетті құрылғылар (уақытша рұқсат етіледі) көзделуі тиіс;
– дауыс беруге арналған үй-жайлар мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін барынша қолжетімді болуға, бірінші қабаттарда орналасуға немесе басқа қабаттарға бару үшін көтеру тетіктері болуға тиіс;
– дауыс беруге арналған үй-жайларда тактильді көрсеткіштер (мүмкіндігінше), тірек-қозғалыс аппараты функциялары бұзылған, соның ішінде кресло-арбаларды пайдаланатын сайлаушылардың қолжетімділігі ескерілген, жасырын дауыс беруге арналған кабина(лар) көзделуге тиіс;
– мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін арнайы жабдықталған орын (бұрыш) көзделуі қажет (мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін бейімделген форматтағы материалдары бар компьютер, (құлақаспаптар, Брайль қарпінде орындалған сайлау туралы ақпараты бар арнайы папка және басқалары).
Жергiлiктi атқарушы органдар мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін дауыс беруге арналған арнайы сайлау учаскелерiн құруы мүмкін.
«Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын 2018 жылғы 5 қазанға тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 9 тамыздағы № 731 Жарлығы негізінде Орталық сайлау комиссиясы Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітті.
Сайлау науқаны келесі кезеңдерінің мерзімдері айқындады:
Кандидаттарды ұсыну 11 тамызда басталады, тіркеу ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінде 18 сағатта (сайлау күніне бір ай қалғанда) аяқталады.
Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне дейін жиырма күн бұрын - 14 қыркүйек 18 сағатта аяқталады.
Сайлау алдындағы үгіт кандидаттарды тіркеу аяқталған мерзімнен басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады - 15 қыркүйектен 3 қазанға дейін қоса алғанда.
2018 жылғы 28 тамыздағы жағдай бойынша 9 кандидат ұсынылды, олардың 8-і тіркелген:
Алданов Серік Ысмайылұлы, 1983 жылы туылған, «Банк ЦентрКредит» АҚ Шымкент қ. филиалының қызметін қолдау басқармасының бастығы;
Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы, 1964 жылы туылған, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы;
Доронин Владимир Анатольевич, 1964 жылы туылған, уақытша жұмыссыз;
Жылкелдиев Бижан Мергенбайұлы, 1984 жылы туылған, «Global A» ЖШС директоры;
Қарабеков Ғани Әжединұлы, 1968 жылы туылған, «Манкент шипажайы» АҚ бас директорының орынбасары;
Майқанов Ғалымжан Тастанұлы, 1969 жылы туылған, Түркістан облысының Ауғанстандағы соғыс ардагерлері одағының төрағасы;
Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы, 1974 жылы туылған, уақытша жұмыссыз;
Үркімбаев Асқарбек Жүсіпұлы, 1953 жылы туылған, «Шымкент-сауда» ЖШС директоры.
Сайлау науқаны «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес өткізіледі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының отырысы
2018 жылғы 24 мамыр Астана қ., Бейбітшілік көш., 4
10 сағат 00 минут 8-қабат, кабинет №802
Күн тәртібі
Сайлаушыларды тіркеу
Азаматты сайлаушылар тізіміне енгізу үшін сайлаушының сайлау учаскесі аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелуі негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеуді жүзеге асыруға уәкілетті органдар әділет органдары болып табылады.
Жеке тұлғалардың тұрғылықты жерін тіркеу:
олардың белгіленген тәртіппен тұрғын үйді меншігіне сатып алғанын растайтын не оны пайдалануға, оның ішінде жалға алу (жалдау), ішінара жалға алу шарты бойынша алғаны туралы куәландыратын;
оларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге негіздерде, сондай-ақ тұрғын үй меншік иесінің (жалға алушының) жазбаша келісімі бойынша тұрғын үйде тұру құқығын беретін құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
Азаматтарды тіркеу:
Азаматтардың жауапкершілігі
Азаматтардың жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлік бойынша, сондай-ақ тұрғылықты жері немесе уақытша келген жері бойынша үш айдан астам мерзім бойы тіркелмей тұруы ескертуге немесе бір айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде айыппұлға әкеліп соғады.
Сайлаушылардың тізімдері
Сайлауға қатысу үшін қажетті шарт сайлаушылар тізіміне сайлаушылардың енгізілуі болып табылады.
Сайлаушылардың тізімдерін тұрғылықты жері бойынша тиісті әкімдік жасайды.
Сайлау тағайындалған сәттен бастап әрбір сайлаушы тиісті әкімдікте сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.
Сайлауға дейінгі отыз күннен кешіктірілмей
Егер сізге сайлау күні тіркелген жеріңіз бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкіндігіңіздің болмайтыны белгілі болса, сіз сол жердің әкімдігіне сайлау күні өзіңіз болатын жер бойынша сайлаушылар тізіміне сізді енгізу туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылысыз.
Дауыс берудің басталуына жиырма күн қалғанда, тиісті әкімдік учаскелік сайлау комиссияларына акт бойынша сайлаушылар тізімдерін ұсынады.
Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда, сайлаушылардың тізімдері сайлау учаскелерінде танысу үшін сайлаушыларға ұсынылады.
Сіз сайлаушылар тізімдеріндегі өзіңіз туралы деректерді тексеруге және тізімге енгізілмегеніңіз, дұрыс енгізілмегеніңіз немесе тізімнен алынып тасталғаныңыз, сондай-ақ тізімдегі сіз туралы деректерде жаңсақтықтар жіберілгені үшін шағым жасауға құқылысыз.
Тізімдерге түзетулер енгізу қажеттігі туралы өтініштерді учаскелік сайлау комиссиясы өтініш келіп түскен күні қарайды.
Жалпы жұрттың танысуы үшін сайлаушылар тізімдерін ұсыну мен сайлау күні арасындағы кезеңде
Сіз өзіңіздің болу орныңызды ауыстырған кезде өзіңіздің тіркелген жеріңіз бойынша учаскелік сайлау комиссиясына жүгінесіз, ол жерде төлқұжатты немесе жеке куәлікті берген кезде учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін табыс етеді. Бұл ретте сайлаушылар тізіміне тиісті белгі қойылады.
Есептен шығару куәлігі бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау округінде немесе басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға берілмейді.
Есептен шығару куәліктерін беру дауыс беру күні алдындағы күнгі жергілкіті уақыт бойынша 18 сағатта аяқталады.
Дауыс беретін күні дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде учаскелік сайлау комиссиясы сізді келген орныңыз бойынша сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізеді.
Сайлау күні
Дауыс беру сайлау күні, сайлау учаскесіндегі дауыс беруге арналған үй-жайда жергілікті уақыт бойынша сағат жетіден жиырмаға дейін өткізіледі.
Сайлаушы өзі дауыс береді. сайлауда дауыс құқығын басқа біреуге беруге және сол сияқты басқа адам үшін дауыс беруге жол берілмейді.
Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сізге сайлаушылар тізімінің негізінде қазақстан республикасы азаматының төлқұжатын немесе жеке куәлігіңізді көрсеткен кезде беріледі.
Сіз сайлаушылар тізімінде бюллетеньдерді алғандығыңыз туралы қол қоясыз.
Сайлау бюллетеньдерін сайлаушы жасырын дауыс беруге арналған кабинада толтырады. оларды толтыру кезінде сізден басқа кімнің болса да, кіріп тұруына тыйым салынады.
Егер сіздің бюллетеньдерді өз бетіңізше толтыруға мүмкіндігіңіз болмаған жағдайда, өзіңіз сенетін адамның көмегін пайдалануға құқылысыз, оның аты-жөні дауыс бергеннен кейін сайлаушылардың тізіміне тіркеліп, тұсына сіздің бюллетень алғандығыңыз туралы қолыңыз қойылады. мыналар ондай адам болуға тиіс емес:
Сайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат он екіден кешіктірмей
Егер сіз:
Учаскелік сайлау комиссиясы сіздің болатын жеріңіз бойынша дауыс беруді ұйымдастыруға тиіс.
Электрондық дауыс беру жүйесінің артықшылықтары
Орталық сайлау комиссиясы қағаз бюллетеньдермен бір уақытта электрондық бюллетеньдер пайдаланылатын сайлау округтері мен учаскелерін айқындайтын болады.
Электрондық дауыс беру жүйесі көптген елдерде өзінің тиімділігін дәлелдеп, Қазақстанда табысты сыналғанын естеріңізге саламыз.
Оның артықшылықтары сайлаушылар үшін қолданудағы қарапайымдылығы мен қолайлылығы, сайлау процесінің жоғары дәрежедегі ашықтығы мен объективтілігі, дауыс беру нәтижелерін санаудың жеңілдігі мен шапшаңдығы болып табылады.
Біздің Республикамызда бүгін жоғары технологияларды барлық тіршілік салаларына енгізуге басымдық беріліп отырғаны белгілі. Электрондық дауыс беру жүйесін пайдалана отырып, сіз де Қазақстанда инновацияларды белгілі бір шамада алға жылжытуға көмектесесіз, барлық деңгейлердегі сайлау комиссияларының жұмыс тиімділігін елеулі дәрежеде арттыруды қамтамасыз етесіз, электрондық дауыс беру жүйесіне деген сеніміңізді көрсетесіз.
Сайлау туралы ақпаратты алу үшін кімге жүгінуге болады?
Барлық үміткерлердің біздің елімізде болып жатқан сайлау процесі туралы ақпаратқа барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы интернет ғаламдық желісінде өзінің сайтын ашты: www.election.gov.kz
Сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты өздеріңізді қызықтыратын барлық мәселелер бойынша аумақтық, округтік немесе учаскелік сайлау комиссияларына жүгінуіңізге болады.
Егер сіз сайлау туралы заң бұзушылықтар болды деп есептесеңіз, заң бұзушылық жасалған күннен бастап он күннің ішінде жоғары тұрған сайлау комиссияларына, сотқа немесе прокуратура органдарына жүгінуіңізге болады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 101-бабы 4-тармағына сәйкес ағымдағы жылғы 30 қазанда республиканың 10 өңірінде 30 сайлау округінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтеді.
Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды облыстық сайлау комиссиялары тағайындайды.
Сайлау заңнамасына сай Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы осы сайлауды ұйымдастыру мен өткiзу кезiнде аумақтық сайлау комиссияларына әдiстемелiк басшылықты, сондай-ақ олардың қызметiнің сайлау туралы заңның талаптарына сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады.
Қазіргі сәтте барлық тартылған сайлау комиссиялары қажетті материалдық-техникалық және қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілген және жұмыс істеуге дайын.
Барлығы 4 облыстық, 10 қалалық және 16 аудандық мәслихат депутаттары сайланатын болады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес мәслихат депутаттығына кандидаттарды белгіленген тәртіпте тіркелген республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері мен азаматтар - өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынады.
Мәслихат депутаттығына сайлану үшін азамат Конституцияның 86-бабының 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуі, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес сайлау құқығына ие болуы тиіс.
Осылайша, 20 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар сайлау және сайлану құқығына ие бола алмайды.
Республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынуын, әрбір кандидаттың дауысқа түсетін сайлау округін көрсете отырып, олардың жоғары органдары жүргізеді.
Мәслихат депутаттығына кандидаттарды азаматтардың өзін-өзі тәртібімен ұсынуы тиісті округтік сайлау комиссиясына осы аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш беруі арқылы жасалады.
Бүгін 2017 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Сарапшылық-әдістемелік кеңестің отырысы өтті.
Оған Ортсайлаукомның мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Т. Сейдуманов, Қазақстан Республикасы Заңнама институты директорының орынбасары Ж.О. Тілембаева, Заңнама институтының халықаралық заңнама және салыстырмалы құқықтану бөлімінің бастығы Абай Абылайұлы, Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті заң факультетінің деканы С.К. Амандықова және ЕҰУ профессоры Ш.В. Тлепина қатысты.
Күн тәртібіне «Қазақстан Республикасының азаматтарын уақытша тіркеу негізінде сайлаушылар тізімін қалыптастыру ерекшеліктері туралы» мәселе шығарылды. Ортсайлауком басшысы Б.М. Имашев өз сөзінде азаматтарды тұратын жері бойынша уақытша және тұрақты тіркеуге қатысты жақында қабылданған нормативтік құқықтық актілер аясында бұл мәселенің маңыздылығын атап көрсетті.
Сарапшылық-әдістемелік кеңестің мүшелері уақытша тіркелген азаматтарды сайлаушылар тізіміне енгізу туралы, жергілікті өкілді органдарға сайлауға уақытша тіркелген азаматтардың қатысу мүмкіндігі туралы мәселелерді талқылады.
Отырыста Сарапшылық-әдістемелік кеңестің мүшелері уақытша тіркелген азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу мәселелері бойынша ұсыныстар енгізді, сонымен қатар сайлау туралы заңнаманы сайлаушылар тізіміне уақытша тіркелген азаматтарды енгізу бөлігінде одан әрі жетілдіру үшін туралы ұсыныстар әзірлеу жөнінде жемісті пікір алмасу болды.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Сарапшылық-әдістемелік кеңес отырысы
2017 жылғы 4 сәуір Астана қ., Бейбітшілік көш.,4,
15:00 сағ. 802 каб.
Күн тәртібі
1. Қазақстан Республикасы азаматтарын уақытша тіркеу негізінде сайлаушылардың тізімдерін қалыптастыру ерекшеліктері туралы.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Комиссия жанынан құрылған Сарапшылық-әдістемелік кеңестің бірінші отырысы болды.
Сарапшылық-әдістемелік кеңес Ортсайлаукомның 2017 жылғы 7 ақпандағы қаулысымен халықаралық нормалар мен шетелдік электораттық тәжірибені ескере отырып, ғылыми зерттеулер жүргізу және консультациялық қызметтер көрсету арқылы қазақстандық сайлау заңнамасы мен құқық қолдану практикасын жетілдіру мақсатында құрылды.
Кеңестің құрамына Ортсайлауком мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары З.Я. Балиева және С.Т. Сейдуманов, Заңнама институтының директоры А.С. Тукиев, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры Е.Қ. Көбеев, Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры М.С. Башимов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Заң факультетінің деканы С.К. Амандықова, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры Э.Б. Мұхамеджанов және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Ш.В. Тлепина енді.
Ортсайлауком басшысы Б. Имашев өзінің сөйлеген сөзінде сайлау және референдумдар туралы заңнамаға қоғамдық мониторинг жүргізуде, сайлау процесінде жаңа технологияларды қолдану жөніндегі ұсыныстарды талдауда және дайындауда Кеңес қызметінің маңыздылығын атап өтті.
Сарапшылық-әдістемелік кеңестің отырысында оның 2017 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасы мәселелері бойынша оны одан әрі жетілдіру жөнінде, ұсыныстарды әзірлеу үшін нәтижелі пікір алмасу болды.