Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты О.Е. Нұралдиновты тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 6-тармағына, 98-бабына және «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» ҚБ  Ұлттық кеңесінің 2025 жылғы 26 тамыздағы қаулысына сәйкес  Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутатының бос мандаты «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясының» мүшесі Олжас Елтайұлы Нұралдиновке берілсін.
  2. Олжас Елтайұлы Нұралдинов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.
  3. Олжас Елтайұлы Нұралдиновке белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
Дата публикации
27 августа 2025