«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 6-тармағына, 98-бабына сәйкес және «Respublica» партиясы» Қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің 2025 жылғы 24 ақпандағы № 6 хаттамасының үзінді көшірмеге сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутатының бос мандаты «Respublica» партиясы» Қоғамдық бірлестігінің мүшесі Екатерина Сергеевна Смоляковаға берілсін.
- Екатерина Сергеевна Смолякова Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.
- Екатерина Сергеевна Смоляковаға белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.