«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 10) тармақшасына, 45-бабына, 46-бабының 2-тармағына және 82-бабының 1-тармағына сәйкес және Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2022 жылғы 24 тамызда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып:
1) 2017 жылғы 28 маусымда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне:
Бақытжан Кәкенқаджыұлы Байахметов Абай облысынан,
Амангелді Ғабдылкәрімұлы Толамисов Жетісу облысынан,
Советбек Тұрсынұлы Медебаев Ұлытау облысынан;
2) 2020 жылғы 12 тамызда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне:
Айнұр Серікпайқызы Арғынбекова Абай облысынан,
Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаев Жетісу облысынан,
Серік Жаманқұлұлы Шайдаров Ұлытау облысынан тіркелсін.
2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының тіркелген депутаттарына тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.