Мемлекет басшысы өзінің сайлауалды «Әділ Қазақстан – барлығы және әрқайсысы үшін.

Мемлекет басшысы өзінің сайлауалды «Әділ Қазақстан – барлығы және әрқайсысы үшін.

Қазір және мәңгі» бағдарламасында ауылда өмір сүру деңгейі, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелеріне басымдық берді.
Осы мақсатта 2023 жылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасы ауқымды түрде іске асырылып келеді.
Жобаның мақсаты – ауыл тұрғындарын агробизнесті дамыту олардың жұмыспен қамтылуын және әл-ауқатын арттыру.
Екібастұз қаласы бойынша 2023 жылы осы бағдарламаны іске асыруға 158,5 млн. теңге сомасына 20 кредит берілді. 41 жұмыс орны құрылды.
Осы бағдарламаны іске асырудың арқасында 16 жеке кәсіпкер жаңа іс бастап, 4 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды.
2024 жылдың мамыр айында «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысуға өтінім беру процесі оңайлатылды. Электрондық ақпараттық жүйе amanatnesie.kz әзірленді. Портал үйден шықпай-ақ өз ісін қашықтықтан ашу үшін жеңілдікті несие алуға өтінім беруге мүмкіндік береді.
2024 жылы 156,1 млн. теңге сомасына 11 кредит берілді.
Бүгінгі таңда 136,8 млн. теңге сомасына 10 жоба берілді. 31,3 млн. теңге сомасына 4 кредит берілді. 96,2 млн. теңге сомасына 6 жоба қаралуда.