Ауыл шаруашылығы министрлігі экспортқа рұқсат етілген малдың жасын нақтылады

Ауыл шаруашылығы министрлігі экспортқа рұқсат етілген малдың жасын нақтылады

Ауыл шаруашылығы министрінің Қазақстан Республикасының аумағынан ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы бұйрығына бұқашықтар мен қошқарларды квоталау кезінде жастарды белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізілді.

Осылайша, 12 айдан асқан бұқашықтарды карантинге қоюдың сандық шегі – 60 000 бас, ал 6 айдан асқан қошқарлар – 120 000 бас.

Ауыл шаруашылығы министрлігі ел аумағынан тірі ІҚМ (СЭҚ ТА коды 0102) 60 000 бас бұқашық шығаруға алты айға сандық шектеулер енгізді, оның ішінде:

  • Бордақылау алаңдары үшін – 30 000 бас;
  • Тауар өндірушілер үшін – 30 000 бас.

Бұқашықтарды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимит жиынтық саны 500 бастан аспайды, ал бір тауар өндірушіге – 200 бастан аспайды.

Қошқарларды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына лимит жиынтық саны 1000 бастан аспайды, ал бір тауар өндірушіге  - 500 бастан аспайды.