Amanat партиясы президенттікке Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

Amanat партиясы президенттікке Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

Съездің басында Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.

Содан кейін партия делегаттары өз пікірлерін білдірді.

Мысалы, еңбек өтілі бар педагог Аягүл Миразова өз сөзінде, егер мемлекет басшысы ішкі және сыртқы саясатта мол тәжірибесі бар, елдің өткенін, бүгінін, халықтың жағдайын терең білетін тәжірибелі адам болса, жақсы болатынын айтты.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, атақты балуан, Олимпиада ойындарының жүлдегері Дәулет Тұрлыханов бүгінде елімізде әділ қоғам құру, халықты тыңдайтын мемлекетті қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Кәсіпкер Анна Яковлева өз сөзінде қаңтар оқиғалары кезінде Мемлекет басшысы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін көрсеткенін айтты.

Талқылау қорытындысы бойынша партиялықтар бірауыздан дауыс берді.

1 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев осы күзде Президенттің кезектен тыс сайлауын өткізуді ұсынды, бұл туралы ол Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

7 қыркүйекте Amanat партиясы сайлауда Тоқаевтың кандидатурасын қолдайтыны белгілі болды.