«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңының аясында жыл сайын аудан аумағындағы фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың орындалуын бақылайды.
Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау зиянды және аса қауiптi зиянды организмдердiң тiршiлiк ететiн орындары болып табылатын ауыл шаруашылығына арналған объектiлерде, автомобиль жолдарының, темiр жолдардың бөлiнген белдеулерi мен күзет аймақтарында және өзге де аумақтарда, сондай-ақ өсiмдiктен алынатын өнiмдерде зиянды және аса қауiптi зиянды организмдердiң болуын анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
Қала бойынша 2026 жылы өсімдіктерді қорғау салаласында атқарылуы болжанып отырған химиялық өңдеу жұмыстары:
Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңының 14-5-бабында, иелігінде және пайдалануында жер телімдері бар барлық ауыл шаруашылық құрылымдары, қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiне байланысты жеке және заңды тұлғалар төмендегідей міндеттерді орындаулары қажет:
1) фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзуге және саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдердің дамуы мен таралуына жол бермеу;
2) пестицидтер айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарын сақтау;
3) фитосанитариялық есепке алуды жүргiзуге және уәкілетті органның ведомствосына есептiлiктi табыс ету;
5) пестицидтердi залалсыздандыруға және арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) тиiстi жағдайда ұстау;
6) қызметтiң лицензияланатын түрлерiне қойылатын талаптарды сақтау;
7) Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасына сәйкес өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың ұйғарымдарын орындауға;
7-1) өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз етуге;
8) өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi инспекторларға Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасын орындауына жәрдемдесуге мiндеттi екендігі көрсетілген.
Заңның 20-бабына сәйкес өсiмдiктердi қорғау iс-шаралары төмендегі қаржы көздері есебінен жүргізіледі.
Бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын iс-шараларға:
1)зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдер мекендейтiн орындарды анықтау жөнiндегi фитосанитариялық мониторинг жүргiзудi;
2) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары үйірлі көк қасқа шегірткелерге (итальяндық прус) қарсы химиялық өңдеу жүргізу үшін пестицидтер сатып алуды, сондай-ақ пестицидтер қорын қалыптастыруды, сақтау мен жаңартып отыруды;
3)саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары үйірлі көк қасқа шегірткелерге (итальяндық прус) қарсы пестицидтерді кедендік декларациялауды, сақтау мен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;
4)саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары үйірлі көк қасқа шегірткелер (итальяндық прус) қоныстанған орындарға химиялық өңдеу жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;
5)бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi залалсыздандыруды жүргiзудi;
6)өсiмдiктердi қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзудi;
7) арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) ұстауды, салу мен жөндеуді;
8) пестицидтерді, оларды сақтау, тасымалдау, саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары саяқ көк қасқа шегірткелерге қарсы қоныстанған орындарды химиялық өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алулар жатады.
9) Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын іс-шараларға:
1) өз қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың нұсқамасы бойынша залалсыздандыру;
2) осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 8) тармақшаларында көрсетілген іс-шараларды қоспағанда, зиянды, аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу;
3) ауыл шаруашылық өнімін пестицидтердің қалдық мөлшерінің бар-жоғы тұрғысынан талдау және оған сараптама жасау жатады:
Ауданда қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар өз аумақтарында фитосанитариялық мониторингті жүзеге асыруға және зиян тигізудің шегінен көп зиянды және аса қауіпті зиянды ағзалар анықталған жағдайда фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуге міндетті болады.
Сонымен бірге, Заңның 12-бабына сәйкес пестицидтерді сақтау, тасымалдау және қолдану өсімдіктерді қорғау жөніндегі міндетті талаптар болып табылатындықтан, тұтынушылар Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген пестицидтер тізбесіне енбеген пестицидтерді қолдануға болмайды.
Сондықтан, шаруашылық субъектілері пайдалатын улы химикаттарды сатып алу барысында пестицидтердің тіркеу куәлігін, өнім сертификатын, қауіпсіздік төлқұжатын талап ету арқылы оның жасандыдан және әсер етуші заттары азайтылғаннан ажыратып алуына болады.
Жоғарыдағы баяндалғандардың негізінде сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясының Екібастұз қаласы Қазбек Нұралин 205А мекен-жайына тікелей немесе 33-64-97 телефонына хабарласуға және <akazhan.b@minagri.gov.kz> электрондық поштасына хат жолдауға болады.
Баянауыл ААИ-ның бас маманы-
өсімдіктерді қорғау және
карантин жөніндегі инспекторы
Б.Б. Ақажан