Павлодар облысында 2026 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін арзандатылған дизель отынын жеткізетін өңірлік операторлар айқындалды

Павлодар облысында 2026 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін арзандатылған дизель отынын жеткізетін өңірлік операторлар айқындалды

2026 жылғы 10 наурызда павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасында өңірлік операторларды айқындау жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді.

Байқауға 3 компания өтінім берді:

- «Retro Retail» ЖШС

- «LF TRADE» ЖШС

- «ТК Парнас» ЖШС

Өтінімдерді қарау және балдық жүйе бойынша бағалау нәтижесінде 2 өңірлік оператор анықталды:

Операторлардың байланыс деректері

«ТК ПАРНАС» ЖШС

Павлодар қ. Химкомбинатовская көшесі 1/125

Павлодар қ. Циолковский көшесі 41

8 771 412 05 06

«LF-TRADE» ЖШС

Павлодар қ. Солтүстік өнеркәсіптік аймақ 120

Павлодар қ. Орталық өнеркәсіптік аймақ 246

8 701 537 70 63

Арзандатылған дизель отынынын бағасы:

1 литрі – 275 теңге

(1 тоннасы – 327 970 теңге)

Аталған баға орташа нарықтық құннан 15 % - ға төмен.

Мониторинг деректеріне сәйкес, дизель отынының  орташа нарықтық бағасы шамамен

литріне 322 теңгені құрайды.

Павлодар облысына бөлінген дизель отынының жалпы көлемі – 27 272 тонна:

- наурыз – 6 827 тонна

- сәуір – 12 285 тонна

- мамыр – 8 160 тонна

Бұл ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жанар – жағармай материалдарымен уақытылы оңтайлы агротехникалық мерзімдерде жүргізуге мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін жанар – жағармай материалдарын уақытылы алуды қамтамасыз етуге шақырамыз.