
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы саласындағы деректердің анықтығы мен сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған «Е-АӨК» платформасын құруды жоспарлап отыр.
Аталған платформа саланың барлық ақпараттық жүйелерін біріктіріп, деректерді орталықтандырып сақтауды қамтамасыз етеді.
Оның негізінде салалық көрсеткіштерді кешенді әрі үздіксіз мониторингтеуге мүмкіндік беретін дамыған BI –талдау жүйесі қалыптастырылады.
Бұл жүйе субсидиялау және мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерінің ашықтығын қамтамасыз етіп, негізгі тиімділік көрсеткіштерін (КРІ) бақылауға, сондай-ақ уақтылы әрі негізделген басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қажетті жедел және талдамалық есептілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.