Мемлекеттік қолдау алушылар үшін қарсы міндеттемелерді орындау критерийлері айқындалған

Мемлекеттік қолдау алушылар үшін қарсы міндеттемелерді орындау критерийлері айқындалған

Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен өңдеушілерді субсидиялау қағидаларын бекітетін бұйрықтарға өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, мемлекеттік қолдау алушылар үшін қарсы міндеттемелерді орындау критерийлері айқындалған.

Келесі құжаттарға өзгерістер енгізілді:

Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдетіп өңдеу өнімдерін өндіру үшін оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау қағидалары.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары.

Өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары.

Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығында субсидиялар алу үшін өндірушілер жалпы өнім көлемінің өсуін немесе өткен жылдың деңгейінде ақшалай түрде сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.

Өңдеушілер үшін өткен жылдың деңгейінде сары май, қатты ірімшік, құрғақ сүт (қаймағы алынбаған, майсыз) және құрғақ бидай желімшесі жалпы (бидай желімшесі) өнімінің ақшалай көлемде өсуін/сақталуын қамтамасыз ету талабы енгізілді.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілер салық аударымдарының көлемін және өткен екі қаржы жылы үшін еңбекақы төлеу қорын өтінім берілген жылға дейін төмендетуге жол бермеуге тиіс.

Қарсы міндеттемелер ағымдағы қаржы жылында ұқсас қарсы міндеттемелерді белгілеу көзделген субсидиялардың барлық түрлері бойынша жиынтығында 100 млн теңге және одан жоғары мөлшерде мемлекеттік қолдау алынған жағдайда туындайды. 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап қарсы міндеттемелер субсидиялар алатын барлық АӨК субъектілеріне қолданылады.

Еңсерілмейтін күш (табиғи-климаттық жағдайлардың, фитосанитарлық және эпизоотиялық жағдайлардың нашарлауы) салдарынан қарсы міндеттемелерді орындамаған жағдайда СМАЖ-ге растайтын құжатты жүктеу қажет. Қазгидрометтің ауа райы жағдайлары туралы анықтамасы, жергілікті билік органының карантиндік немесе шектеу шараларын белгілеу туралы шешімі, жануарлар ауруларын анықтау туралы сараптамалық қорытынды, зиянкестердің, өсімдік ауруларының және арамшөптердің дақылдарға келтірген зияны туралы есеп.