
Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытудың 2029 жылға дейінгі шаралар жоспары бекітілді. Құжат үздік тәжірибелерді қайталауды, кооперативтерді оқытуды және сүйемелдеуді, сондай-ақ фермерлер үшін түсіндіру және оқыту іс-шараларын өткізуді көздейді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомстваның мәліметінше, республикада ауыл шаруашылығыкооперациясын дамытуға бағытталған ынталандыру шараларының кешені іске асырылуда. Олардың ішінде: мемлекеттік қолдаудың барлық түрлеріне тең қолжетімділік, салықтық преференциялар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бөлу кезінде қосымша балл беру,фермерлер мен ЖҚШ-ын білімді тарату орталықтары негізінде оқыту. Осы шаралардың барлығы соңғы бес жылда ауыл шаруашылығы кооперативтерінің санын 1,5 есеге – 2019 жылғы 2840-тан 2024 жылы 4465-ке дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді
«Жер ресурстары мен инфрақұрылымға қажеттілікті айқындауды, агро құзыреттілікті арттыруды, жобаларды сүйемелдеуді және басқа да шараларды қоса алғанда, іс-шаралар кешені қалыптастырылды. Кооперацияны ұзақ мерзімді дамыту үшін бордақылау және азық-түлік бағытындағы кооперативтерді субсидиялау және жеңілдікпен қаржыландыру тетіктері еңгізілуде. 2025 жылдың қыркүйегінен бастап «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ желісі бойынша меншік нысаны бойынша шектеусіз 12 айға дейінгі мерзімде бордақылау алаңдары үшін айналым қаражатын 5 % - бен толықтыруға жеңілдікті бағдарлама жұмыс істейді», - деп Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Бұдан басқа мал шаруашылығын дамытудың Кешенді жоспары шеңберінде несиелерге кепілдік беру тетігін енгізу және несиелеу мерзімдерін 15 айға дейін ұлғайту жоспарлануда, бұл қаржыландырудың қолжетімділігін арттырады. Есепке алу нөмірлерін алу үшін ветеринариялық-санитариялық талаптарды жеңілдеті қарастырылуда, бұл қолдау бағдарламаларына әлеуетті қатысушылардың ауқымын кеңейтеді.