Павлодар облысы жылқышылар ассоциациясы НАО «Торайғыров университетімен» бірлесе отырып, Сіздерді конференция жұмысына қатысуға шақырады!
Тақырып: «Қазақстан мен көршілес мемлекеттерде жылқы шаруашылығын дамытудың болашағы»
Өткізу мерзімі: 2025 жылғы 9–10 қазан
Өтетін орны: Павлодар облысы, Екібастұз қаласы
Бағдарламада:
Қазақстан және шетелдік жетекші ғалымдардың баяндамалары
Селекция, өнімділік, этология және жылқы шаруашылығындағы цифрлық технологиялар
Көрме алаңы (ФХ «Анара»)
Мұғалжар тұқымы, жабе типті қазақ жылқылары, жаңаалтай жылқылары және будандарының көрмесі
Косяқ қалыптастыруға және зооветеринарлық іс-шараларға арналған жаңа баз-расколдың таныстырылымы
Ғалымдарды, фермерлерді және жылқы шаруашылығының дамуына қызығушылық танытқан баршаңызды шақырамыз!