Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау аясында, Үкіметтің қолдауымен, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мал шаруашылығын дамытуға бағытталған жаңа қаржыландыру бағытын іске қосты.
Бағдарлама ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді айналым қаражатын толықтыру үшін несиелеуді көздейді. Негізгі назар келесі бағыттарға аударылады:
- ірі қара және ұсақ мал сатып алу,
- мал азығын дайындау,
- жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ) сатып алу,
- арнайы техника мен жабдықтарға арналған қосалқы бөлшектерді сатып алу.
Бағдарлама шарттары:
- Несие сомасының кемінде 70%-ы мал сатып алуға бағытталуы тиіс;
- 2025 жылға бөлінген жалпы қаржы көлемі – шамамен 50 млрд теңге;
- Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5%;
- Қарыз мерзімі – 12 айға дейін.
Бағдарламаға негізгі қызметі ірі қара мен ұсақ малды бордақылау болып табылатын, тиісті өндірістік инфрақұрылымы бар шаруашылықтар қатыса алады.
Қосымша талаптар:
- Сатып алынған мал Жануарларды есепке алу ақпараттық жүйесінде (ЖЕАЖ) тіркелуі қажет;
- Мал белгіленген жас және салмақ талаптарына сәйкес болуы тиіс;
- Қарыз алушы малдың кірісі мен шығысын ЖЕАЖ жүйесінде және асыл тұқымды мал шаруашылығының ақпараттық базасында есепке алып отыруы керек.
Толығырақ ақпарат: www.agrokredit.kz
Call-орталық: 5353