«Агроөнеркәсіп кешеніндегі ерікті сақтандыру жүйесі аясында жануарлар мен құстарды сақтандыру»

«Агроөнеркәсіп кешеніндегі ерікті сақтандыру жүйесі аясында жануарлар мен құстарды сақтандыру»

Қазақстан аумағында фермерлер жануарлар мен құстарын сақтандыра алады.

Мемлекеттік қолдау

Фермерлерге сақтандыру сыйақысының 80%-ы субсидия ретінде төленеді.

Сақтандыру нысандары:

  • Ірі қара мал (ІҚМ)
  • Ұсақ мал (ҰМ)
  • Жылқылар
  • Шошқалар
  • Құс

Онлайн рәсімдеу

Шарт жасасудан бастап төлем алуға дейінгі барлық үдеріс Kezekte.kz платформасында онлайн жүргізіледі.

Жүйемен жұмыс істеу үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.

Қандай тәуекелдерден қорғайды:

  • Инфекциялық, инфекциялық емес, инвазиялық және аса қауіпті аурулар
  • Өрт
  • Үшінші тұлғалардың қасақана әрекеттері
  • Бақытсыз жағдайлар
  • Табиғи апаттар, соның ішінде су тасқыны

Сақтандырудың негізгі шарты:

  • Жануарлар Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жүйесінде (АСЖСЖ) тіркелуі тиіс

Сақтандыруға жатпайды:

  • АСЖСЖ базасында тіркелмеген жануарлар
  • Жасы 2 айдан кіші жануарлар және 40 күннен кіші құстар
  • Эпизоотиялық ахуалы қолайсыз шаруашылықтардағы жануарлар (ауру ошағы немесе карантин)

2025 жылғы нәтижелер:

  • 55 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші сақтандыру өнімдерін пайдаланды
  • Сақтандырылғандар:
  • 11 000-нан астам ІҚМ, ҰМ, жылқылар
  • 831 000-нан астам құс
  • 296 000 теңге мөлшерінде төлем бақытсыз жағдайдан қаза тапқан 3 ІҚМ үшін төленді