Ауыл шаруашылық құрылымдары назарына!

Ауыл шаруашылық  құрылымдары  назарына!

Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі N331 Заңының   11-бабына сәйкес қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар өз аумақтарында фитосанитариялық мониторингті жүзеге асыруға және зияндылықтың экономикалық шегінен ( ЗЭШ ) көп зиянды және аса қауіпті зиянды организмдер  анықталған жағдайда фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуге міндетті.

Сондай-ақ «Қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесін және фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы №100 бұйрығына сәйкес:

          - 20-тармақ, Тиісті жылы саяқ шегірткетектестер ЗЭШ-ден жоғары мекендеген нақты алаң осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша зерттеу актілерімен расталады.

Сондықтан, 2026 жылға арналған саяқ шегірткелерді химиялық өңдеу  жұмыстарының  болжамды көлеміне қосу мақсатында, зиянкестердің шағылысу және жұмыртқа салу уақытының келуіне байланысты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері өз жерлерінде шегірткелердің қоныстануына зерттеу жұмыстарын жүргізіп зияндылықтың экономикалық шегінен асқан (1 ш.м. 8 және одан да көп дернәсіл) алаңдарды анықтап, зерттеу актілерін толтырып «Екібастұз қаласы әкәмдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-не тапсыру қажет.

Жоғарыдағы баяндалғандар жөнінде сұрақтар туындаған жағдайда Екібастұз қаласы  Казбек Нуралина көшесі  205 «а» мекен-жайына немесе 8 (7187) 33-64-97 телефон факсына хабарласуға  болады.

 

 

Баянауыл ААИ-ның  бас маманы-

өсімдіктерді қорғау және

карантин жөніндегі инспекторы                                                                             Б.Б. Ақажан