Субсидиялау қағидаларындағы өзгерістер — 2025

Субсидиялау қағидаларындағы өзгерістер — 2025

Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің назарына!

2025 жылғы 4 маусымдағы №186 ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің «Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес келесі толықтырулар енгізілді:

  • Субсидиялаудың негізгі мақсаты — асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту және өнім сапасын арттыру;
  • Субсидия көлемі бұйрықтағы қосымшадағы нормативтерге және өңірдің қажеттілігіне, өткен өтінімдердің игерілуіне, қарыздарға және мамандануына байланысты айқындалады;
  • Сұраныс төмен болған жағдайда қаржыны қайта бөлудің икемді механизмі енгізілді;
  • Жоспарлау және түзету мерзімдері мен рәсімдері ГИСС жүйесі және жергілікті атқарушы органдар арқылы нақты көрсетілген.