
Екібастұз өңірінің Байет, Қоянды, Екібастұз, Теміржол ауылдық округтері мен Шиқылдақ ауылы және Шідерті кенті аумағында саяқ шегіртке зиянкестеріне қарсы 3370 гектар алқапта химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.
Химиялық өңдеу жұмыстарын «Защита растений – К» ЖШС мердігер ұйымы жүргізді.
Жұмыстар барысында «Диурон» инсектициді қолданылып, вентиляторлы бүріккіштер пайдаланылды.