АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы

 жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурсқа

«Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі

р/р

Жер учаскесінің орналасқан жері (ауылдық округтен арақашықтығы км, жер учаскесінің   лот № )

 

Жер учаскесі қандай мақсатқа беріледі оның ішінде

Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы

Жалпы алаңы, га Жалға беру мерзімі, жыл

 

Алқаптардың құрамы,

оның ішінде

Топырақтың сапалық сипаттамасы, (балл бонитет)

Сумен қамтамасыз етілуі

Өзге де

Шаруа немесе фермер қожалығы жүргізу үшін

Ауыл шаруашылы

ғы өндірісі үшін

Егістік

Жайылым-дық

Шабын-дық

Басқа алқаптар

1

Екібастұз ауылдық округі, №1 лот,  (Тай а-нан 10 км)

Шаруа немесе фермер қожалығы жүргізу үшін

 

Мал шаруашылығы

200,0 га

10 жыл

 

199,0

 

1,0

11,5

құдық

 

2

Академик Әлкей Марғұлан атындағы ауыл №2 лот (ак.Ә. Марғұлан атындағы а-дан 7 км)

Шаруа немесе фермер қожалығы жүргізу үшін/ ауылшаруашылығы өндірісі

 

Мал шаруашылығы,өсімдік өсіру

351,5

10 жыл

 

350,6

 

0,9

12,85

канал

 

3

 «Майкаинский» жер қоры,

№3 лот  (Екібастұз қаласының 40 км)

Шаруа немесе фермер қожалығы жүргізу үшін

 

Мал шаруашылығы

2707,9 га

10 жыл

 

2700,0   

 

7,9

10

құдық

 

 

Барлығы

 

 

 

3259,4

 

3249,6

 

9,8

 

 

 

 ЕСКЕРТПЕ

Жеке немесе заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

  • конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2)  конкурстық ұсыныс;

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде мыналар қамтылуға тиіс:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін-заңды тұлғаның атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтініш беруші-заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтініш берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) Жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтініш берушінің үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтініш беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын немесе Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын шаруа немесе фермер қожалығын немесе Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу).

Конкурстық ұсыныста мыналар болуы тиіс:

      1)     Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын

өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

     2) Шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

     3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң 2022 жылдың «10» маусымнан бастап 2022 жылдың «23» маусым аралығына дейін өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі.Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің  орналастыру схемасымен жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында, ауылдық округтердің және аудандық жер қатынастары бөлімінің ақпарат бұрыштарынан танысуға болады.

Конкурс қорытындысы 2022 жылдың 24 маусымында сагат 14.30, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45 мекен жайы бойынша шығарылатын болады.

Толық ақпаратты «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ-нен келесі байланыс телефондары: 8 (7187) 347290, 741114 арқылы алуға болады.