Екібастұз қаласындағы Беркімбаев көшесінде канализациялық коллекторды қайта жаңарту жұмыстары басталды
Торайғыров көшесінен Амангелді көшесіне дейінгі учаскеде канализациялық коллекторды жерасты (санация әдісімен) қайта жаңарту жұмыстары басталғанын хабарлаймыз. Коллектордың диаметрі — 500–400 мм.
Санация әдісін қолдану жол жабыны мен қалалық инфрақұрылым нысандарын сақтап қалуға мүмкіндік береді және тұрғындар үшін қолайсыздықтарды барынша азайтады.