Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына тақырыптық бақылау

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына тақырыптық бақылау

Екібастұз қаласы әкімдігінің АХАТ бөлімінде Павлодар облысы әкімі аппаратының бөлім басшысы Р.Н.Бисимбаев және бас маман Ерболатов Ж. мемлекеттік қызмет көрсету сапасына тақырыптық бақылау жүргізді. Қаламыздағы 6 қызмет көрсету нысанында да бақылау жүргізілді. Бақылау іс-шараларының нәтижесінде Екібастұз қаласының №26 орта мектебінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша семинар өткізілді.