АХАТ мәселелері және цифрлық деректердегі жеке тұлғалардың дербес деректері туралы мәселелер бойынша жиналыс

АХАТ мәселелері және цифрлық деректердегі жеке тұлғалардың дербес деректері туралы мәселелер бойынша жиналыс

21 қазанда Екібастұз қаласындағы ХҚКО-ның ғимаратында АХАТ мәселелері және цифрлық деректердегі жеке тұлғалардың дербес деректері туралы мәселелер бойынша жиналыс өтті. Дөңгелек үстелге әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің (ЗЖТМО) және Мемлекеттік корпорацияның кеңес беру бөлімінің өкілдері, «БЖЗҚ» АҚ филиалының, «Қалалық ПБ-ның көші-қон қызметі» бөлімінің, Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, экономика және қаржы бөлімдерінің және АХАТ бөлімінің өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне және АХАТ қызметін ұйымдастыруға қатысты қағидаларға енгізілген өзгерістер мәселесі қаралды. Мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне мемлекеттік қызметті көрсету кезінде біріктірілген ақпараттық жүйелердің дербес деректерін және көрсетілетін қызметті алушылардың цифрлық құжаттама қызметінің құжаттарын басшылыққа алу қажеттігі туралы хабардар етілді. Енгізілген жаңалықтарға сәйкес, неке қиюды және бұзуды тіркеу кезінде қызмет көрсету нәтижесі ретінде электронды куәліктер қолжетімді болады, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы куәліктер мен анықтамалар беру алынып тасталды, егов арқылы қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы электронды хабарлама алуға болады. Бұл ретте тегін, атын, әкесінің атын өзгертуге байланысты, әке болуды анықтауды және бала асырап алуды өзгертуге байланысты өзгеруі мүмкін мәліметтер ХҚКО арқылы алуға болатын тиісті анықтамаларда көрсетіледі.
Осылайша, 1 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж салығы салынатын АХАТ туралы қайталама куәлік ресімдеудің қажеті жоқ, анықтамаларды көрсету жеткілікті болады(мемлекеттік баж – 0,3 АЕК).