ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексіне сәйкес азаматтық хал актілері жазбаларын жою тәртібі

ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексіне сәйкес азаматтық хал актілері жазбаларын жою тәртібі

«Екібастұз қаласы әкімдігінің АХАТ бөлімі» ММ «Азаматтық хал актілері жазбалараның күшін жою» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Азаматтық хал актілерін жою тәртібі Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 185-бабында қарастырылған.
Азаматтық хал актісі жазбасын жою үшін көрсетілетін қызметті алушы кез-келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне немесе қалаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияға жазбаша немесе портал арқылы электронды түрде жүгінеді.
Қалпына келтірілген немесе қайтадан жазылған азаматтық хал актілері жазбаларын жою туралы өтініштерді шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары бере алады, азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының тіркеуші органдарында тіркеген және шетелде тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өтініштері Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне беріледі.
Азаматтық хал актілерінің жазбалары үш негіз бойынша жойылуы мүмкін:
1) сот шешімі негізінде (күшін жою туралы, актілік жазбаны мемлекеттік тіркеу туралы немесе фактіні анықтау туралы бұрын шығарылған сот шешімінің күшін жою туралы, акт жазбасын жарамсыз деп тану туралы);
2) мүдделі тұлғалардың өтініші бойынша;
3) жоюға жататын бастапқы, қайта қалпына келтірілген немесе қайтадан жазылған жазбаны тапқан тіркеуші органның бастамасы бойынша (мысалы: неке туралы куәлікті берген кезде азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі маман неке қию туралы актілік жазбада әртүрлі уақытта жазылған некені бұзу туралы екі жазба бар екендігін анықтады, онда некені бұзу туралы қайтадан жазылған актілік жазбаны жою қажет).
«Азаматтық хал актілерінің жазбаларын жою» стандартында мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі белгіленген. Сонымен, өтінішті қарастыру мерзімі – 3 (үш) жұмыс күні, АХАЖ АЖ-да азаматтық хал актісінің күшін жоюға негіз болатын акт жазбалары болмаған кезде қарастыру мерзімі 15 (он бес) күннен аспайтын уақытқа созылады, ол туралы өтініш берушіге 3 (үш) күн ішінде хабарланады (мемлекеттік корпорация арқылы келіп түскен өтінішті қарау мерзімін ұзарту кезінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік корпорацияға жібереді); портал арқылы жіберген кезде - жеке кабинетке 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініштің қабылданғаны туралы және азаматтық хал актісінің күшін жою күнін тағайындау туралы ескерту жіберіледі.
Айта кету керек, өтініш берушіге келесі негіздемеге байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылуы мүмкін:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттар және (немесе) ондағы мәліметтердің (ақпарат) күмәнділігі анықталғанда;
2) қызмет алушының және (немесе) мемлекеттiк қызметтер көрсету үшiн ұсынылған қажеттi материалдардың, мәлiметтер мен ақпараттардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келмеуі.
Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың өзге де негіздері белгіленуі мүмкін.
Бұдан басқа, стандартта мемлекеттік органның және (немесе) лауазымды тұлғалардың осы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі түсіндірілген.

 

Екібастұз қаласы әкімдігінің
АХАТ бөлімінің
бас маманы
А. Қапашева