2021 жылдың 13 тамызында Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы "Азаматтық хал актілері жазбаларын мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілеріне өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жоюды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" № 112 бұйрығына өзгерістер енгізілді.
Жаңашылдықтарға сәйкес АХАТ саласында мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өтініш берушінің жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат ұсынылады.
Цифрлық құжаттар сервисі eGov mobile мобильді қосымшасында авторизацияланған пайдаланушылар үшін қол жетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін eGov mobile қосымшасында ЭЦҚ немесе бір реттік құпия сөз арқылы авторизациядан өту керек, содан кейін «Цифрлық құжаттар» бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдайсыз.
Естеріңізге сала кетейік, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу меншік иесінің құқықтық мәртебесіне сәйкес келетін жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес жүргізіледі.
Жеке басты куәландыратын құжат иесінің құқықтық мәртебесіне сәйкес келмеуі жарамсыз болып табылады және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қайтарылуы және ауыстырылуы тиіс.
Қызмет алушының жеке басын сәйкестендіру үшін «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заңның 6 - бабының 1 - тармағына сәйкес жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжат сервисінен алынған электрондық құжат ұсынылады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматы шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын ұсынады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы белгісі бар азаматтығы жоқ адамның куәлігін ұсынады.
Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлға азаматы болып табылатын елдің құзыретті органдары шетелдікке берген немесе азаматтығы жоқ адамның тұрақты тұрғылықты жері берген жеке басын куәландыратын құжатты және және олардың мәтінінің қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасын ұсынады.