Баланың аты-жөні

Баланың аты-жөні

Баланың тууын мемлекеттік тіркеу кезінде оған тегі, аты, әкесінің атын беру тәртібі

Баланың тегі ата-анасының тегімен анықталады. Ата-аналарының тектері әртүрлі болған жағдайда балаға ата-анасының келісімі бойынша әкесінің немесе анасының тегі беріледі. Ата-анасының қалауы бойынша баланың тегі ұлттық дәстүрді ескере отырып, баланың әкесінің немесе атасының аты бойынша қойылады. Баланың тегіне қатысты ата-аналар арасында туындаған келіспеушіліктер сот арқылы шешіледі.

Ұлты қазақ адамдардың тегі мен әкесінің атын жазуда қазақ тілі үшін ерекше болып табылатын: -ов, -ев, -ова, -ева, -ин, -н, -ины, -на, -овна, -евна, -ович, -евич қосымшаларын алып тастауға болады, олардың орнына әкесінің атына -ұлы, -қызы үздіксіз жазылып,  қолданылады.

Жеке тұлғаның тегіне «тегі», «ұрпағы», «немересі», «шөбересі», «келіні» және басқа да сөздерді қосып жазуға жол берілмейді.

Ұлты қазақ тұлғалардың әкесінің аты тегін алмастыратын болса, тегі міндетті түрде бірінші, содан кейін өзінің аты жазылады, әкесінің атын жазбауға рұқсат етіледі.

Басқа ұлт өкілдері үшін олардың өтініштері бойынша тегі, аты және әкесінің аты олардың ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес жазылуы мүмкін.

 

Баланың тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру

Кәмелетке толмаған баланың тегі ата-анасының екеуі де фамилиясын өзгерткен кезде өзгертіледі.

Ата-аналардың бірлескен өтініші бойынша бала он алты жасқа толғанға дейін тіркеуші орган баланың мүдделерін негізге ала отырып, баланың атын, сондай-ақ, оған берілген текті екінші ата-анасының тегіне өзгертуге рұқсат етеді.

Неке (ерлі-зайыптылық) тоқтатылған немесе некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп таныған жағдайда бала туған кезде алған тегін сақтайды.

Егер ата-аналар некені бұзуды (ерлі-зайыптылықты) тіркеуші органда тіркемей, бөлек тұратын болса немесе балаға қатысты әке болу анықталып, бірге тұратын ата-анасы тегін бергісі келсе, тіркеуші орган баланың мүдделеріне байланысты және нотариалды рәсімделген, екінші ата-анасының пікірін ескере отырып, бұл мәселені шешеді. Ата-ананың пікірін ескеру, егер оның тұрғылықты жерін анықтау мүмкін болмаса, ата-ана құқығынан айыру немесе шектеуде, әрекетке қабілетсіз деп танылғанда, сондай-ақ ата-анасы баланы асырау мен тәрбиелеуден дәлелді себептерсіз жалтарған жағдайларда қажет емес.

Егер ата-анасы некені бұзуды тіркеуші органда рәсімдеп, бөлек тұрса және баламен бірге тұратын ата-ана оған өзінің тегін бергісі келсе, тіркеуші орган бұл мәселені баланың мүддесі үшін, екінші ата-ананың пікірін ескермей-ақ, шешеді.

Егер бала бір-бірімен некеде тұрмайтын адамдардан туылса және әке болу заңды түрде белгіленбесе, тіркеуші орган баланың мүдделерін ескере отырып, оның анасының өтініш беру кезіндегі тегіне өзгертуге рұқсат береді.

Он жасқа толған баланың аты-жөнін және (немесе) тегін өзгерту заңды өкілдерінің қатысуымен алынған баланың келісімімен ғана жүзеге асырылады.

 

Сонымен, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Павлодар облысында көп таралған атардың рейтингі төмендегідей.

Медина атты қыздар саны – 60, Томирис және Аяла – 47-ден, Амина и Айлин - 44 сәбиден. Сондай-ақ, қыздардың 15 үздік есімі:  Айлин, Раяна, Рамина, София, Айша, Айару, Айзере, Милана, Айлана, Аиша, Малика.

Амир атты 43 ұл туған, Алихан атты – 40, Алан және Арлан аттары – 36-дан. Ұлдардың 15 үздік есімі:  Ислам, Матвей, Рамазан, Карим, Давид, Муслим, Максим, Артём, Ансар, Алекссандр, Ибраһим.