Неке шарты

Неке шарты

Көптеген шет елдерде ерлі-зайыптылар көптен бері өздерінің мүліктік қатынастарын сол үшін арнайы жасалған шартта дербес реттеуге құқылы.
Соттың мәліметі бойынша, көп жағдайда біздің елдегі мүліктік даулар неке шартымен шешілуі мүмкін.
ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінде неке шарты институты да қарастырылған.
Неке шарты - бұл некеге (ерлі-зайыптылық) тұратын адамдар арасындағы келісім немесе ерлі-зайыптылардың некедегі (ерлі-зайыптылықта) және (немесе) ол бұзылған жағдайда мүліктік құқықтары мен міндеттерін анықтайтын ерлі-зайыптылар арасындағы келісім.
Онда туылған немесе асырап алынған балалардың меншік құқығы қарастырылуы мүмкін.
Неке шартын некені мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті тіркеуші органға берген күннен бастап неке қиюды тіркеуге дейін де, неке кезіндегі кез-келген уақытта да жасауға болады.
Неке шарты жазбаша нысанда жасалады және міндетті түрде нотариалды куәландырылуы қажет.
Онда ерлi-зайыптылардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген ортақ бірлескен меншiк тәртібін өзгертуге, ерлі-зайыптылардың барлық мүлкіне, оның жекелеген түрлеріне немесе ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкіне бірлескен, үлестік немесе жекеленген меншік тәртібін белгiлеуге құқықтары бар.
Сондай-ақ, оны ерлі-зайыптылардың бұрыннан бар және болашақ мүлкіне қатысты жасауға болады.
Неке шартында ерлі-зайыптылар өздерін қамтамасыз ету бойынша өз құқықтары мен міндеттерін, бір-бірінің табысына қатысу тәсілдерін, әрқайсысының отбасылық шығындарды көтеру тәртібін анықтауға; некені бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың әрқайсысына берілетін мүлікті анықтау, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарына қатысты, және де осы некеде туылған немесе асырап алынған балалардың мүліктік жағдайына қатысты кез-келген басқа да ережелерді қосуға құқылы.
Неке шартында қарастырылған құқықтар мен міндеттер белгілі бір кезеңдермен шектелуі немесе белгілі бір шарттардың туындауына немесе болмауына байланысты болуы мүмкін.
Сонымен бірге неке шарты ерлі-зайыптылардың құқық қабілеттілігін немесе әрекетке қабілетсіздігін, олардың өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіну құқығын шектей алмайды; ерлі-зайыптылар арасындағы жеке мүліктік емес қатынастарды, ерлі-зайыптылардың балаларға қатысты құқықтары мен міндеттерін реттейді; еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайының жәрдемақы алу құқығын шектеу ережелерін және Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасының негізгі қағидаларына қайшы келетін басқа да жағдайларды қарастырады.
Оны кез-келген уақытта ерлі-зайыптылардың келісімі бойынша өзгертуге немесе бұзуға болады. Неке шартын өзгерту немесе бұзу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және нотариалды куәландырылады.
Ерлі-зайыптылардың біреуінің талабы бойынша неке шарты сот шешімімен өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, неке шартын орындаудан біржақты бас тартуға жол берілмейді.
Неке шарты, некені тоқтатқаннан кейінгі кезеңге көзделген міндеттерді қоспағанда, неке бұзылған кезден бастап тоқтатылады. Сондай-ақ, оны сот Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген мәмілелердің жарамсыздығы негіздері бойынша толығымен немесе жартылай жарамсыз деп тануы мүмкін.