Некені бұзу

Некені бұзу

Қазақстан Республикасы азаматының барлық өмір жолы азаматтық хал актілерінде жазылады. Өкінішке орай, өмірінің бір кезеңі, ол - ажырасу.
АХАТ органдарында некені бұзу рәсімін қарастырайық.
Өтінішті неке одағының екі мүшесі де бір уақытта берулері керек.
Қазіргі уақытта мемлекеттік органға бармай-ақ, egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жүгіну мүмкіндігі бар.
Егер ерлі-зайыптылар жан-жақта, басқа қалаларда тұратын болса және некені бұзуға өзара келіссе, қай мемлекеттік органға өтініш беру туралы шешім қабылдауда, заңға сәйкес некені бұзушылар egov.kz сайтына өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының аумағында кез-келген тіркеуші органды таңдай алады. Өтінішке ерлі-зайыптылардың екеуі де ЭЦҚ-мен қол қояды.
Азаматтық хал актілерін тіркеу органын таңдағанда, бір айдың ішінде белгіленген уақытта екеуі де таңдалған мемлекеттік органға некені бұзу рәсіміне келуі керек екенін ескеру қажет.
АХАТ бөлімдеріне өтініш берудің міндетті шарты - кәмелетке толмаған балалардың, кез-келген мүліктік даулардың болмауы және өзара келісім болуы қажет.
Егер неке мүшелерінің біреуі әрекетке қабілетсіз немесе сотталған жағдайда, екіншісі өздігінен өтініш бере алады. Мұндай құқықты беретін тағы бір жағдай - жұбайының із-түссіз жоғалуы. Мұндай өтініш экстерриториалдық қағидаты негізінде ел аумағындағы кез-келген тіркеуші органға барып беріледі.
Егер жоғарыда аталған шарттардың барлығы орындалса, ерлі-зайыптылар АХАТ бөлімінде некені бұза алады.
Тиісті өтініш бергеннен кейін, ерлі-зайыптыларға шешімдерін өзгертуге тура бір ай уақыт беріледі. Бұл рәсім заңмен қарастырылған, отбасылық одақ мүшелерінің бірі тілек білдірсе де, мерзімді өзгерту мүмкін емес. Татуласуда жақсарыс болмаса және одан әрі тек ажырасуды қаласа, некені бұзу рәсімделеді.
Неке бұзу актісін тіркегені үшін мемлекеттік баж екі айлық есептік көрсеткішті құрайды (2021 жылы - 5834 теңге).
Некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу келесі жағдайларда жүзеге асырылады: егер ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары болса; ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімі болмаса; ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік және басқа да талаптары болса.
Бұл жағдайда некенің бұзылуын растайтын құжат болып некені бұзу туралы сот шешімі табылады.


М.Сатвалдинова, Екібастұз қаласы әкімдігі
АХАТ бөлімінің басшысы