Сот арқылы некені бұзу және неке шарты институтын алға жылжыту туралы дөңгелек үстел

Сот арқылы некені бұзу және неке шарты институтын алға жылжыту туралы дөңгелек үстел

2021 жылы 17 наурызда Екібастұз қалалық соты ұйымдастырған онлайн форматта дөңгелек үстелге қатыстық. Талқылау барысында сот шешімі бойынша неке бұзу, некені бұзу кезінде даулы мәселелер туындамас үшін неке шартын жасау және тағы басқа мәселелер қозғалды.
Өкінішке орай, сот арқылы ажырасу туралы талап-арыздар күнделікті келіп түсетін өтінімдердің алғы шебінде тұр.
Сонымен бірге сотта некені бұзудың негіздерінің бірі - ажырасуға келісімнің болмауы деп бағаланатын, жауапшының, кәмелетке толмаған балалары және басқа да дау жоқ болған жағдайда, АХАТ органдарына келмеуі.
Дөңгелек үстел барысында некені бұзу туралы өтінішті АХАТ органдарына онлайн форматта егов арқылы беру мүмкіндігін атап өттік. Сонымен бірге, өтініш берушілер, некені бұзу рәсімі үшін белгіленген уақытта бара алатын, Қазақстан Республикасының аумағындағы АХАТ органдарының кез-келген тіркеуші органын таңдай алады.
Мүмкін азаматтардың сотқа көбірек жүгіну себебі: мемлекеттік баж соттарда 0,3 АЕК мөлшерінде болса, АХАТ бөлімінде - 2 АЕК, бірақ некені сот арқылы бұзу 6 айға дейін жүргізілетінін ескеру керек (өндіріске қабылдау мерзімдері және татуласу уақыты ескеріле отырып). АХАТ органдарында қызметтерді көрсету мерзімі бір ай.
Неке келісімшарты институты туралы мәселе көтерілді.
Соттың ақпараты бойынша көп жағдайда мүлікке қатысты даулар «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 40-бабы негізінде неке шартымен шешілуі мүмкін. Осы ереженің негізінде неке шартын жасасу тіркеуші органға некені тіркеу туралы өтініш берілген күннен бастап, сондай-ақ кез-келген уақытта мүмкін болады.
Дөңгелек үстелдің нәтижелері бойынша азаматтарды ажырасуды тіркеу тәртібі мен рәсімдері туралы үнемі хабардар етіп отыру, некеге тұрушылар арасында неке шартын жасасу мүмкіндігі туралы әңгімелер мен дәрістер өткізу туралы шешім қабылданды.