АХАЖ органының мемлекеттік қызмет ардагері

АХАЖ органының мемлекеттік қызмет ардагері

Біздің мемлекеттік қызметтің ардагері, АХАЖ саласының қызметкері Фаина Фёдоровна Токарева.
Фаина Фёдоровна 1946 жылы 19 ақпанда Ресейдің Кемерово облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 1964 жылы Кемерово облысы Тисульский ауданы Комсомольск мектебінде математика мұғалімі болып бастаған. 1977 жылы Қазақстанға, Екібастұз қаласына қоныс аударған. Аудандық атқару комитетіне мемлекеттік қызметке кіріп, 1989 жылға дейін нұсқаушы және ұйымдастыру бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 1990 жылдың қаңтарынан бастап Екібастұз аудандық АХАЖ бөлімінің бастығы болып тағайындалды.
1997 жылдан бастап аудан таратылғаннан кейін 2004 жылға дейін қалалық АХАЖ бөлімінде маман ретінде жұмыс жасады.
Қазіргі уақытта ол зейнеткерлік демалыста, Екібастұз қаласында тұрады. Бір ұл, бір немере тәрбиелеген және бір шөбересі бар.
Фаина Фёдоровна - қайырымды, мейірімді адам. Өз тәжірибесімен және білімімен бөлісуге әрқашан дайын жан.