Ағымдағы жылы «Алтын тойларын» Кущербаевтар және Алигазиновтар отбасылары атап өтуде. Бір үйлі жандардың 50 жылдық мерейтойлары АХАЖ органдарының 100 жылдығымен сәйкес келіп отыр.

Ағымдағы жылы «Алтын тойларын» Кущербаевтар және Алигазиновтар отбасылары атап өтуде. Бір үйлі жандардың 50 жылдық мерейтойлары  АХАЖ органдарының 100 жылдығымен сәйкес келіп отыр.

Алжибай ата мен Ракыш апа Кущербаевтардың некесі біздің Екібастұз қаласындағы АХАТ бөлімінде 1971 жылдың 21 шілдесінде тіркелген. Неке қию туралы актілік жазба осы күнге дейін бөлім мұражайында сақтаулы.
Кулайберген Жумагулович пен Айтжамал Ныгметовна Алигазиновтар некелерін Алтай өлкесі Славгород қалалық атқару комитетінің АХАЖ бюросында қидырған.
50 жылдық мерейтоймен Сіздердің отбасыларыңызды шын жүректен құттықтаймыз! Шаңырақтарыңыз берекелі болсын, махаббаттарыңыз ғұмырлық болсын, үйлеріңізден бақ пен ырыс кетпесін. Бір-біріңіз үшін әрқашан алтын қазықтай болыңыздар!