АХАЖ органдарының тарихы

АХАЖ органдарының тарихы

АХАЖ органдарының тарихы

Қазақстан тарихы Ресей тарихымен тығыз байланысты болғандықтан, Ресейде Қазан төңкерісіне дейін 1722 жылдан бастап азаматтық хал актілерін тіркеу атқарымдарын әртүрлі конфессиялар шіркеулері, синагогалар, мешіттер атқарғанын атап өткен жөн.
Клерикалдық биліктің туу, шоқындыру, қайтыс болу және жерлеу рәсімдерін жазуы Батыс Еуропада таралған, және І Пётр Ресейде де осындай тәжірибені енгізуге шешім қабылдаған.
Мемлекеттік тіркеушілердің қызметін діни қызметкерлер атқарды, сондықтан шоқындыру және жерлеу рәсімдері сол кездегі азаматтық хал актілерінің тізіміне жатады.
Сол кездегі азаматтық хал актілерін тіркеудің журналдары болып шіркеу метрикалық кітаптары қызмет еткен, оған сәйкес адамның метрикасы (шежіре) анықталған.
1917 жылы 18 желтоқсанда РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Азаматтық неке, балалар және хал актілері кітаптарын жүргізу туралы» декрет қабылдады, онда азаматтардың некені, баланың тууын тіркеу үшін қалалық (аудандық, уездік немесе болыстық земство) басқармаға қарасты некені және тууды тіркеу бөліміне жүгінуі қарастырылды. Сондай-ақ, бөлімге әкімшілік және сот биліктері, қайтыс болған адам қамқорлығында болған азаматтар қайтыс болу туралы акт жасау үшін жүгінген.
Бұл бөлімдерде туу, некеге тұру және қайтыс болуды есепке алу жөніндегі арнайы кітаптар жүргізілді.
Қазақстан Республикасында АХАЖ органдарының ресми құрылу күні Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңестік Республикасы Халық Комиссарлары Кеңесінің декреті қабылданған күнмен байланысты - 1921 жылдың 5-наурызы.
Сол 1921 жылы жылы Орынборда - әділет халық комиссары Ғ.Әлібеков қырғыздар, қазақтар арасында некеге тұру құқығы туралы Декретке қол қойды.
1921 жылдың наурызы - Халық Комиссарлары Кеңесі Әділет халық комиссариаты туралы Ережені бекітті, оның құрылымы 5 бөлімнен тұрды, оның ішінде шіркеуді мемлекеттен бөлу туралы декретті жүзеге асыратын тарату бөлімі де болды.
Қазақстанда наурыздың 5-і – ахаж қызметкерлерінің мерекелік күні.
Бұл күн Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізіміне енгізілмеген.
Дегенмен, ағымдағы жыл – АХАЖ органдарына 100 жыл толу жылы.

Екібастұз қаласының АХАЖ саласы тарихынан

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1957 жылы 12 маусымда Жарлығымен Екібастұзуголь жұмысшы ауылы Екібастұз қаласы атауы беріле отырып, қала санатына жатқызылды. Сол жылы Екібастұз қалалық еңбекшілер депутаттары Кеңесінің атқару комитеті (қалалық атқару комитеті) өз жұмысын бастады.
Екібастұз қалалық атқару комитетінің 1957 жылғы штат кестесіне сәйкес қалалық атқару комитетінде АХАЖ бойынша іс жүргізу қызметкері болған.
1963 жылы қалалық атқару комитетіне қарасты АХАЖ бюросы жұмыс істеді. Құрылымы: бюро меңгерушісі, іс жүргізуші.
1977 жылы 7 қазанда КСР-нің жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейін Екібастұз қалалық жұмысшы депутаттар кеңесі Екібастұз қалалық халық депутаттары кеңесі деп атала бастады.
1989 жылы АХАЖ бюросының құрылымы бір бас маманнан, аға инспектордан, инспектордан және кеңсе тазалаушыдан тұрды.
Адамның өміріндегі барлық маңызды оқиғаларды - бала туу, некеге тұру, әке болуды анықтау және тағы басқаларын АХАЖ қызметкерлері тіркейді. Бөлімнің мұрағатында 250 мыңнан астам актілік жазбалар бар. Ең алғашқы актілік жазбалар 1935 жылы жасалған.

Тәуелсіз Қазақстандағы АХАЖ органдарының жұмысы

Қазақстанда ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» жаңа Кодексі қолданысқа енгізілгеннен кейін 2012 жылдың қаңтарынан бастап АХАЖ (азаматтық хал актілерін жазу) бөлімдері АХАТ - азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі деп аталады.
2015 жылдан бастап азаматтық хал актілерін тіркеу атқарымдары жергілікті атқарушы органдарға берілді. Бұрын бұл атқарымдарды әділет органдары жүзеге асырған.
Екібастұз қаласы әкімдігінің АХАТ бөлімі қала әкімдігінің 2016 жылғы 1 шілдедегі қаулысымен құрылды.
АХАЖ органдарының 100 жылдығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеумен сәйкес келеді. Еліміздің тәуелсіздігі кезеңінде Екібастұз қаласы бойынша АХАЖ бөлімінде 32 000-нан астам неке қиылды және 67 000-нан астам жаңа туған нәресте тіркелді. Ата-аналары Тәуелсіздікпен құрдас отбасыларында бүгінгі күнде 11 жаңа туған нәресте тіркелген
Қазақстанды цифрландыру аясында АХАТ бөлімдері де қазіргі уақытта жаңару сатысында. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы электрондық мәліметтерді енгізу жұмыстары жүргізілуде. Республика бойынша азаматтық хал актілері жазбаларының электрондық мұрағатын қалыптастыру 2007 жылдың екінші жартысында басталды. 1937-2008 жылдар аралығында құрылған электрондық мұрағаттық мәліметтерді толтыру бойынша жұмыс жүргізудеміз, келешекте бұл маңызды қызмет түрі электрондық түрге ауысуы мүмкін.
АХАТ бөлімінде 5 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлер жұмыс істейді, олар мемлекеттік қызметшілер Алмагүл Қапашева, Әсел Сүлейменова, статистика мамандары Райхан Садуақасова, Индира Мукина, Татьяна Плута және мұрағатшылар Самал Абжарова, Кристина Лымарь, Айдана Балтабаева.
Қаламызда біздің ардагерлер тұрады: 1990 жылдан қалалық атқару комитетіне және 1997 жылдан 2004 жылға дейін әділет департаментіне қарасты АХАЖ бөлімінде жұмыс істеп, сол жерден зейнеткерлік демалысқа шыққан Фаина Федоровна Токарева; өзінің сүйікті ісіне 30 жылдан астам уақытты арнаған Антонида Борисовна Донева, жұмыс істеген кезеңі - 1970 жылдан 2002 жылға дейін.