АХАТ саласында электрондық форматта ұсынылатын мемлекеттік қызметтер

АХАТ саласында электрондық форматта ұсынылатын  мемлекеттік қызметтер

Эпидемиологиялық жағдайды ескерсек, Электрондық үкімет COVID-19-ды таратпау жөніндегі карантиндік алдын-алу шараларының бірі болып табылады. Өйткені, eGov азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара әрекеттесу үдерісін әлдеқайда жеңілдетті, ұзын-сонар кезек, кабинет кезу және қағазбастылық жоқ – тек қана пернелерді басу арқылы қолжетімді мемлекеттік қызметтердің мол базасы бар.
Осы іріктеуде азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы қызметтерді электронды түрде алғысы келетіндерге және кеңселерге келуді барынша азайтуға арналған eGov электрондық үкімет порталының қызметтері бар:
неке қию туралы, некені бұзу туралы, туу туралы (соның ішінде әке болуды анықтау немесе анасының сөзінен алынған әкесі туралы мәліметтер жазбасы туралы ақпаратты көрсете отыра), атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы анықтамалар алу;
некеге тұру туралы, некені бұзу туралы, атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы қайталама куәліктерге өтініш беру;
некені тіркеуге электрондық өтініш беру;
некені бұзу туралы электрондық өтініш беру (кәмелетке толмаған балалардың және өзара келісім бойынша мүліктік даулардың болмаған жағдайында);
баланы тууды тіркеу туралы электрондық өтініш беру (жаңа туған нәрестелер);
тегін ауыстыруды тіркеуге электрондық өтініш беру (неке құру негізінде, яғни егер некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейінгі тегін қалдырған жағдайда, күйеуі әйелімен ортақ тек ретінде біреуінің тегін таңдаса және некені бұзу негізінде, яғни, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу кезінде өтініш берілмесе, некеге дейінгі тегін қалпына келтіруге).
2020 жылдың аяғында іске қосылған пилоттық жоба шеңберінде қайтыс болуды тіркеу үшін медициналық ұйымдарға қағаз түрінде медициналық анықтама алу үшін, Халыққа қызмет көрсету орталығы мен АХАТ бөліміне қайтыс болуды тіркеу және елтаңбалы куәліктерді алу үшін жүгінудің қажеті жоқ. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы хабарламаны «Электрондық үкімет» порталы арқылы да алуға болады, ол үшін авторизациялау үшін ЭЦҚ мен қайтыс болған адамның ЖСН болуы қажет.
Порталда жұмыс істеудің жалпы қағидасы: ЭСҚ (немесе бір реттік құпиясөз) көмегімен кіру, қажетті қызметті тауып, «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасын басу.
Өтінішті толтырып, оған ЭСҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-құпиясөз арқылы қол қою қажет (азаматтардың мобильді деректер базасында тіркелу міндетті).
Егер тиісті актілік жазба табылса, көрсетілетін қызмет үшін мемлекеттік баж салығын төлеу керек.
Мемлекеттік баж салығы төленгені туралы «Жеке кабинетте» «Алынған қызметтердің тарихы» бөлімінде өңделген анықтамамен танысып, сұраныс орнына ұсынуға болады.
Неке қию, неке бұзу, тегін өзгерту және тууды тіркеу қызметтерін көрсетудің нәтижесін алу үшін тіркеу органына (АХАТ бөліміне) бару керек. Анықтамаларды және қайталама куәліктерді алу нәтижесі «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО бөлімшелері, порталда таңдау қажет) арқылы беріледі.
Қызметті алушыларға нәтиженің дайындығы туралы тиісті хабарландырулар «Жеке кабинетте» хабарланады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті» қалыптастыру туралы және ақпараттық жүйелерді интеграциялау туралы Жарлығын іске асыру аясында Екібастұз қаласы әкімдігінің АХАТ бөлімі азаматтық хал актілерін тіркеу туралы электрондық ақпараттарды енгізу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
Осыған орай, 2008 жылға дейін тіркелген мұрағаттық актілік жазбаларға түзетулер енгізу үшін «АХАЖ» АЖ-не қолжетімді.
Құрметті азаматтар, кез-келген қызметті алуға жүгінген кезде және ақпараттық жүйелерде қағаз құжаттарымен сәйкессіздіктерді тапқан кезде, Сіз сәйкесінше түзетулер енгізу үшін өзіңіз «электрондық үкімет» порталы арқылы, тіркеу органына (АХАТ органдарына) немесе әділет департаментіне жүгіне аласыз.
Туындаған сұрақтар бойынша (87187) 760518, 760519 нөміріне қоңырау шалып немесе Екібастұз қаласы, М.Әуезов көшесі, 149 («Өнер» ҚМО-ның сол қанаты) келіп, ақпарат ала аласыз.


А.Ж.Сүлейменова, Екібастұз қаласы
әкімдігінің АХАТ бөлімінің бас маманы