Азаматтық хал актілері жазбаларына қатысты құжаттарды қалпына келтіру

Азаматтық хал актілері жазбаларына қатысты құжаттарды қалпына келтіру

Өмірде азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәлікті алу үшін АХАТ органдарына жүгіну қажет болған жағдайлар жиі кездеседі. Бірақ азаматтық хал актілері тізілімінің толық немесе ішінара жоғалуына байланысты актілік жазбалардың көшірмесі сақталмаса немесе азаматтық хал актілері туралы акт жазбалары шет елде жасалғандықтан тиісті куәлік немесе жазбалардан үзінді көшірме алу мүмкін болмаған жағдайда не істеу керек?
Білу маңызды! Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 184-бабына сәйкес азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру тиісті жазбаның бұрын бар екендігін растайтын құжаттар болған кезде немесе актілік жазбаны қалпына келтіру туралы мемлекеттік тіркеудің орны мен уақыты көрсетілген сот шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Жоғалған азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіруге өтініштер өтініш берушінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеу органына, ал шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының тіркеу органдарында тіркеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері арқылы бастапқы тіркеуді (жоғалуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеу органына жібереді.
Азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру тиісті жазбаның бұрын болғандығын растайтын құжаттар болған кезде немесе мемлекеттік тіркеудің орны мен уақыты көрсетілген актілік жазбаны қалпына келтіру туралы сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
Тарихи отанына оралған адамдарға қатысты азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру жеткілікті негіздер болған кезде және осы фактіні құжаттық растау мүмкін болған жағдайда ғана (тіркеу жазбасының жоқтығы (жоғалуы) туралы анықтама) немесе шкі істер органдарының аталған адамдардың Қазақстан Республикасына заңды түрде кіргендігі және олардың Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініштері расталған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Ол үшін тұрғылықты жері бойынша АХАТ бөліміне жүгіну қажет.
Азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіруге байланысты куәліктер берілгені үшін ҚР Салық Кодексіне сәйкес 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Қызмет көрсету мерзімі: 5 (бес) жұмыс күні, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған жағдайда, қарау мерзімі 15 (он бес) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартылады. Мемлекет қызмет көрсетудің нәтижесі: азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап.


Екібастұз қаласы әкімдігінің
АХАТ бөлімінің бас маманы А.Ж.Сүлейменова